- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Оказание первой помощи в образовательных учреждениях»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Дискалькулия: профилактика и коррекция нарушений в овладении счетными операциями у детей»
- «Основы сенсорной интеграции и возможности применения сенсорной комнаты в работе с детьми»
- «Применение элементов прикладного анализа поведения (ABA-терапии) в работе с детьми с РАС»
- «Фитнес-программы для детей: возрастная физиология и методика построения занятий»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
21 Ғасыр мұғалімінің тұлғасы
УДК 37.08
21 ғасыр мұғалімінің тұлғасы
Мешелова Р Ж
«Қостанай гуманитарлық колледжі» мекемесі
Аннотация.Бұл мақалада педагог- өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген және балалар психологиясын жақсы білетін, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік меңгерген маман болуы керек екендігі айтылған.
Аннотация.Вэтой статье говорится о том, что учитель является мастером своей профессии, высокопрофессиональным специалистом, обладающим глубокими знаниями своего предмета и достаточно хорошо знающим психологию детей, чтобы овладеть методикой обучения и воспитания.
Annotation.In this article, a teacher is a master of his profession, a high professional who has a profound knowledge of his subject and who knows children's psychology well enough to master the teaching and upbringing method.
Кілт сөздер. Мұғалім, мектеп, педагог, мәртебе, білім, мәдениет, әдеп, рухани қазына, тәрбие.
Ключевые слова.Учитель, школа, учитель, статус, образование, культура, этика, духовные сокровища, воспитание.
Keyword.Teacher, school, teacher, status, education, culture, ethics, spiritual treasure, upbringing.
Біздің болашақ мамандығымыз «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі. Біз өз қалауымызбен бұл мамандықты таңдағанымыз үшін еш өкінбейміз. Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу- әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларға халықтық педагогикасының нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойына ұлттық мінез- құлық, адамгершілік, сыпайылылық пен кішіпейілдік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет- ғұрыпын, салт- дәстүрін меңгертуге тиіс.[4.c.206] Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтың қолы жетуі мүмкін. Педагог- өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.
Мұғалім болу бұл кім, ол қандай болуы керек, жалпы бұл мамандық несімен құнды, 21 ғасыр мұғалімі қандай болуы керек деген сұрақтарға жауап іздеп көрсек. Оқушының және жалпы халықтың алдында құрметін көтеру үшін, кәсіби мойындалу үшін мұғалім тұлғасын түбегейлі өзгерту кезек күттірмес мәселе.
Мұғалім тұлғасы деген оның...
Адами және заманауи кең дүниетанымы, өз ой- пікірі;
Қоғам өміріне белсенді көзқарасы мен іс- әрекеті;
Кең де терең білім мен мәдениетті;
Ізденгіштігі,шығармашылығы;
Ірі мінезділігі, жігер- ыждағаттылығы;
Кәсіби бақыт табуы;
Өмірде өзіне лайықты орынын айқындау, сол орында өз құрметіне ие болуы;
Ар- ұятының алдында ұялмай- қысылмай жүру үшін тұлға болу;
Бұл мектептегі өзіңе міндеттелген қызметті басқару үшін ең басты ерекшелік болып табылады.[4.c.63] Өйткені оқыту үшін алдымен мұғалімнің өзі заманға сай өзгеруі тиіс, кәсіби құзіреттілігі болмаса, ертең оқушының мойындамай кетуіне әкеп соғады.
Жаңашыл ұстаздың жеке қасиеттері төмендегі талаптарға сай болуы керек.
1. Адамдармен араласа алуы;
2. Әдептілігі ;
3. Кәсіптік білімдерді жете меңгеруі;
4. Қамқор бола білуі;
5. Жұмыскерлігі;
6. Іс- әрекетін жоспарлай білуі;
7. Интеллектуалдық қабілеттері;
8. Ұстамшылдығы;
9. Арлы- ұяттылығы;
10.Жұмысқа жауаптылығы;
Осы қасиеттердің барлығы бір адамның басында бола бермейтіні түсінікті. Дейтұрғанмен, Абай атамыз «Болмасаңда ұқсап бақ»- деп айтқандай, осындай қасиеттерге ие болғанда ғана жетістіктерге жете алады.
«Мұғалім өмір бойы оқуы керек, ол оқуын, білім алуын тоқтатқан сәттен бастап, оның бойында мұғалімдік те жоғалады»- деген ұлы ұстаздар.Қоғам талабы үздіксіз білім, білік дағдыларын талап етіп отыр.
Мұғалім тұлғасы арқылы оның іс- әрекетінің сан қырлылығынан мұғалім беделі деген ұғым туындайды. Мұғалімнің беделді болуының алғы шарттары: ең алдымен балаға үлгілі болуы және үлгі көрсетуші болуы.
Мұғалімнің келбеті төмендегідей болуы қажет:
1. Өз пәнін терең меңгеруі;
2. Кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіру;
3. Тілді меңгеруі– тіл шеберлілігі;
4. Байқағыштық сезімі мен көрегендігі;
5. Ең тиімді жолды таба білуі;
6.Жан- жақты дарындылығы;
7. Үздіксіз, тынымсыз ізденпаздығы;
8. Үлгі- өнегесі, яғни педагогикалық әдеп этикасы;
Шеберліктің шыңы- мұғалімнің шығармашылығы. Беріп жатқан пәніне өз шығармашылығын қосу арқылы, баланың сабаққа деген қызығушылығы артады.
Нәтижесінде мұғалім мен шәкірт арасында төмендегідей ара-қатынас орнайды:
Сабақта сапалы білім қалыптасады;
Оқушылардың шығармашылық қабілеттері артады;
Сабақта ешқандай бала бос отырмайды;
Мұғалім мен оқушы арасында ізгілік қарым- қатынас орнайды;
Оқушының өздігінен жан- жақты білім алуына жағдай жасалады;
Оқушылардың оқуға деген қызығушылығы пайда болады, олар сабақта белсенді араласа бастайды;
Топ алдында шығып сөйлеп, өз ойын еркін айтуға және делелдеуге, тақырыпты талдауға үйренеді;
Әрбір педагог мұғалім пәнін таңдап келген соң, ол жауапкершілігін бірге алып жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін білетін жан болуы қажет.Тағы бір тоқтала кеткім келетіні, мұғалімдер бұл біріншіден өз баласының ата- анасы, жанұя иесі- жеке тұлға. Сондықтан оның өз тұрмыс тіршілігі бар. Ал мұғалімнің жалақысының аздығы, күнінің көп уақыты қағаз толтырумен кетуі оны шаршатып жіберетіні шын. Оның үстіне кейбір ата- аналардың мұғалімдерді түсінбей жала жабуы, балағаттауы ақпарат құралдарында ашық айтылып олардың мәртебесін түсіруде. Сонымен қатар мұғалімдерді сенбіліктерге және көптеген қоғамдық жұмыстарға салуы да жиілеп кетті. 21 ғасыр педагогі- жаңа дәуір мұғалімі. Сондықтан оның мәртебесін көтеретін жағдайлар жедел жасалу керек секілді. Мұғалімдік еңбек өте күрделі еңбек, оның еңбегін жоғары бағалау керек, яғни жалақысы жақсы болуы керек. Одан әрі оның барлық материалдық жағдайы дұрыс болса, ұстаз беделі арта түседі.
«Мектептің жаны- мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы» деп, Ахмет Байтұрсынов айтқандай қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепке білім берудің жаңа саласына жету- мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз байланысты.[5.c.121] Өз мамандығына жан жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы, ұстаздық техниканы, ұстаздық шеберлікті жақсы меңгереді. «Ұстаздық- ұлы іс » деп кемеңгер жазушымыз М.Әуезов айтқандай, бұған лайық болу- үлкен абырой, басты борышым деп есептеймін. Мұғалім- мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен. Бойына қуат, жүрегіне жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу- абыройлы іс.Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой- өрісі жоғары, зерделі, жан- жақты дамыған маман- уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбірететіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Каримов А.Н «Педагогикалық қызмет және педагогикалық шеберлік негіздері», Алматы 2011ж.
2. «Педагогиканың кәсіби өсуі- білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің басты шарты» журнал.
3. «Шығармашылық педагогика» журнал.2013ж. №2
4. Харламов И.Ф «Педагогикалық шеберлік, шығармашылық және жаңашылдық туралы»//Педагогика.2009ж.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/379906-21-asyr-malimini-tlasy
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Педагогические технологии в работе по предупреждению и преодолению неуспеваемости учащихся в условиях реализации ФГОС»
- «Особенности обучения музыке в начальных классах в соответствии с ФГОС НОО от 2021 года»
- «Обучение музыке в школе: специфика организации образовательного процесса по ФГОС НОО и ФГОС ООО от 2021 года»
- Курс-практикум «Профессиональная устойчивость и энергия педагога»
- «Организация социально-педагогического сопровождения обучающихся в системе СПО»
- «Менеджмент и маркетинг: особенности управления образовательной организацией»
- Педагог-библиотекарь в образовательной организации
- Обучение детей с ограниченными возможностями здоровья в общеобразовательной организации
- Тифлопедагогика: учебно-воспитательная работа педагога с детьми с нарушениями зрения
- Педагогическое образование: теория и методика преподавания основ духовно-нравственной культуры народов России
- Педагогика и методика преподавания химии
- Учитель изобразительного искусства. Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.