Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).
Повышение квалификации

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
14.04.2014

Көнеден жеткен домбыра

Көнеден жеткен домбыра – қазақ халқының музыкалық мұрасы. Домбыраның шығу тарихы, түрлері мен құрылысын зерттейтін білімдік сабақ. Оқушылар ұлттық аспаптың сиқырлы үнімен танысып, оның құпиясын, қасиетін біледі. Домбыраға арналған әндер мен күйлерді тыңдау, аспаптың пернелерін, шанағын үйрену арқылы шығармашылық қабілеттер дамиды. Экскурсия сабағы форматы домбыра жасау шеберханасымен танысуға мүмкіндік береді.

Содержимое разработки

Көнеден жеткен — домбыра

Білімділік мақсаты: Қазақ халқының музыкалық мұрасы - домбыраның шығу тарихы, түрлері, домбыраның құрылысы жөнінде мағлұмат беру.

Тәрбиелік мақсаты: домбыраның үні құпия, сиқырлы, әсем болса, оны бейнелеп, жасау соншалықты сан алуан шеберлік пен қажырлы еңбек етудің нәтижесі екенін ұғындыру арқылы оқушылардың ұлттық сана – сезімін оятып, қазақтың қара домбырасының асыл қасиетін қастерлей білуін ұғындыру.

Дамытушылық: Домбыра аспабы туралы әндер үйрене отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Экскурсия сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Домбыра, үнтаспа, слайд.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Дауыс жаттығуын жасау.

Үй тапсырмасын сұрау. Ноталарды тақтаға ілу арқылы сұрақтарға жауап алу.

Жаңа сабақ.

Үнтаспадан күй тыңдату. Н. Тілендиевтің «Ата толғауы» күйі тыңдатылады.

Осы күйде кездесетін аспаптарды оқушылар өздері ажыратады

- Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары дегенде көз алдымызға не елестейді?

Қазақтың ұлттық аспаптары туралы не білеміз?

Білгенімізді қағазға түсірейік. Оқушылар өз білгендерін қағазға түсіреді. Өз жазғандарын тақтаға шығып түсіндіреді.

- Домбыра аспабының құрылысын есімізге түсірейік?

Бас, құлақ, шайтантиек, мойын, перне, шанақ, қақпақ, тиек, түйме, астыңғы ішек, үстіңгі ішек.

Домбыраны қолыңызға алған кезде қандай ойда боласыз? Қалай жасалады екен, кім жасайды екен, оның түрлері бар ма деген сұрақтар келетін болар. Міне, бізде осы сұрақтарға жауап іздеп көрдік. Сонымен алғашқы танысуды шағын ғана шеберханадан бастасақ.

1. Мынау домбыра жасайтын шеберхананың жалпы көрінісі

2. Шеберлердің ұлттық аспаптарды жасайтын құралдары қарапайым тілмен айтқанда қару - жарағы:)

3. Шеберлер жұмыс үстінде

Бүгін біз домбыра туралы білімімізді толықтыратын боламыз.

Ең алдымен домбыраның шығу тарихы мен таныстырайын. (2 оқушыға домбыра туралы слайдтан оқытамын.. Домбыраның суреті слайдтта көрсетіледі.)

Домбыра — ерте заманнан бері халқымызбен бірге келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардың бірі. Домбырыда күй, терме, ән қосылып орындалады. Күй, терме – қазақ халқының музыкалық мұраларының бірі. Ол әр түрлі аспапта орындалуына байланысты қобыз, сыбызғы және домбыра күйлері деп аталады. Домбыра екі, кейде үш шекті шертіп немесе қағып ойнайтын музыкалық аспап ретінде танымал. Қазақ жерінін әр өлкелерінде тұратын халық шеберлері домбыраны өз қалауынша әр түрлі үлгіде жасады. Оған қайың, қарағай, жөке, шырша, үйеңкі ағаштарын пайдаланған.

Домбыраның шанағын бөлшек ағаштардан ойып жасады. Алғашқы кезде перне саны 5 - 7 дейін болса, кейін 9 - 19 дейін жеткен. Қазақстан жерінде домбыра пішіні түрлі болған.

Мысалы: Оңтүстік пен батыс өлкелерінде сопақшаланып немесе дөңгеленіп келсе, ал орталық, сол түстік және шығыс өлкелерінде, көбіне домбыра шанағының бұрыштары үшкірленіп жасалынған.

6000 жылдық тарихы бар аспапты қазіргі таңда шеберлердің әр қайсысы өзінің білгенінше дайындап жатыр. Алайда оларға ешқандай кінә таға алмайсын, себебі бұл аспапты дайындаудың әлі күнге дейін мемлекеттік стандарты жоқ. Ал стандарт болу үшін арнайы зерттелуі қажет. Домбыра аспабының шығу тегін зерттеуде аңыз — әңгімелерге жүгінуге болады.

Аңыз әңгіме

“Ертеде бір хан қызының кедей жігітпен көңіл жарастырғанын сезіп қалады да жігітті дереу дарға астырады. Екі қабат болып қалған қыз мезгілі жетіп босанады. Оны аңдыған мыстан кемпір егіз баланы көз көрмес, құлақ естімес, алыс жерге апарып, жап – жасыл үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып іліп кетеді. Сәбилердің көз жасы тамған бәйтерек солады, жүрегі тоқтаған нәрестелермен бірге ағаш та қуарады.

Қаңқу әңгіме халық арасында жата ма, оны естіген ана егізін іздеп жолға шығады. Жолдан шаршаған ана ағаш түбіне келіп, демалады Құлағына күмбірлеген сарын естіледі. Қайдан шығатын әуен екенін білгісі келіп ағаш үстіне шығып тыңдаса, жаңағы бәйтерек сынып кетеді. Ағаштың түбінен басына дейін іші қуыс екенін көреді. Екі басына бұтақтан – бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Екі ішек самал желмен тербеліп, одан әуен шығады екен. “Егіз құлынымнан қалған жұрнақ осы болар” деп сол ағаштан аспап жасап алады. Батысқа қараған ішегі бостау, шығысқа қараған ішегін қаттылау керілген екен. “Астыңғы ішек – жіңішке дауысты қызым Зарлық, ал үстіңгі ішек – бос қоңыр дауысты ұлым Мұңлық болсын” деп екі ішекке ат қойып, домбырасын тартып, күй шығарып кеткен екен” дейді аңыз — әңгіме туралы еңбегінде этнограф Өзбекәлі Жәнібеков.

Зерттелген деректерге байланысты Кемел Ақышев бастаған бір топ ғалымдар домбыраны нелит д. д. 4000 жыл бұрын тастарға сылынып, ең алғаш қыпшақ нотасымен таңбаланған деседі..

Енді балалар домбыра аспабының қасиеттілігі қандай екенін айтайық. Плакатқа оқушылар жазады.

Домбыра – еңбекқорлыққа үйретеді.

Домбыра – шежірені білуді талап етеді

Домбыра – адамның ішкі – жан дүниесін емдеп, көңілін көтереді, денсаулықты нығайтады.

Домбыра – иманды болуға жол ашады.

Домбыра – әдебиеттің дамуына ықпал етеді.

Домбыра – жарысу мен таласуға, ізденуге баулиды.

Шығармашылық жұмыс. Сабақтан алған әсерін қағаз бетіне түсіріп 5 – 6 сөйлемнен тұратын эссе жазып береді.

Қорытынды:

Оқушылар қағазға бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып, тақтада оқиды.

Бағалай. Үйге тапсырма: «Домбыра туралы баллада» әнін жаттап келу

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/44660-kneden-zhetken--dombyra

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки