- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Открытый урок «Ертегілер халық даналығының айнасы»
Қостанай гуманитарлық колледжі
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы
Карасартова Гүлден Жұмағалиқызы
"Ертегілер халық даналығының айнасы " тақырыбындағы ашық сабақтың әзірлемесі
Топ:2ББ-17
Күні:23.01.14ж
Өтетін орны: 113каб.
Пән:Фольклорлық практика
Тақырып:Ертегілер халық даналығының айнасы
Мақсаты:Білімділік:Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән - мағынасын ашу. Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету.
Дамытушылық:Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп, баланы жақсылыққа бейімдеу . Жауапкершілікке тәрбиелей отырып достыққа, қарсы-қатынастарын дамыту.
Сабақың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Ойландыру, шығармашылық ізденіс, сахналық көрініс, көрнекілік
Сабақтың барысы:
Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құтықтаймыз мейраммен,
Құрметті біздің балалар, ұстаздар!
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу! сабақтың мақсаты мен таныстыру,оқушыларды түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген жаңылтпаштарды 3 топтан 5-6 баладан сұрау
1.Сүт бетінде май бал қаймақ.
Ол қай бал май қаймақ?
Балдан тәтті бал май қаймақ
2. Мына сайда отырған бай Бағланбай,
Бұл қай Бағланбай?
Бұл қай бай Бағланбай?
3. Тебіншек ат - шегіншек
Шегіншек ат - тебіншек
4. Төбесі төбел төрт бөрік,
Төртеуі де төрт бөрік.
5. - Анау арал қай арал?
- Қайыңды арал, талды арал.
Ішінде бұзаулы ала марал
6. Құдағиға сақтаған сұр бал қаймақ
Ол бал қаймақты мен жаламай,
кім жалайды?
7.- Тайқарбай, Тайқарбай,
қойыңды Майқарбай жай Тайқарбай!
- Әй , Тайқарбай дегенің қай Тайқарбай?
8. Қамаштан көріп қалашты,
Қарашқа жарас таласты.
Бөлінсін десең, қалаш тең,
Таласпа, Жарас Қалашпен
9. Әсем әсем билеймін деп әлек,
Қасен шешен сөйлеймін деп әлек.
Қашан Қасен шешен сөйлеп еді?
Қашан Әсем әем билеп еді?
Әсем билегендерін де көргеніміз жоқ,
шешен сөйлегендерін де көргеніміз жоқ
10. Жақсы атты әп - сәтте,
Асхаттар ақсатты.
Жаза алмай бас қатты,
Кім болар жақсы атты?!
11. Көк бұйра бір бұлақ,
Тіл қатар бұлдырлап.
Тастарды ұрғылап
Ағады құлдырап.
12. Қараймын қарағайдың ,
Қаламайын, жаламайын.
Қарағайдың қарамаймын,
Қасында енді жоламайын
13. Топ бал, топ бала,
Ойнап жүр топтала
Зымырап допты ала ,
Қуады көп бала
14. - Бұл қайсы арл?
- Қарғалы арал
Қамыс басын қайырып,
қарға ұялар
15. Қырық құрықтық,
Сырық қырықтық
16. Шүрегей сүңгігіш пе,
Сүңгуір сүңгігіш пе?
17. Бес түп алма бестік алғандікі,
Төрт түп алма төрттік алғандікіү.
18. Ескен ескі ән салып еді,
Жақан жаңа ән салды
ІІІ. Жаңа сабақ
Кіріспе сөз
Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі "Ертегілер хлық даналығының
айнасы" ертегілерімізге қош келдіңіздер! "Ертегі бізге не үшін қажет?" деген сұраққа:
Ахмет Байтұрсынов атамыз былай деп жауап берген екен.
1. Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ , олай болса, ертегі тіл
жағынан керек нәрсе.
2. Бала әдебиеті жоқ жерде баланың рухын , қиялын тәрбиелеуге зор керегі
бар нәрсе . баланы қиялдауға , сөйлеуге үйретеді.
Иә , тілге шешен, ойға жүйрік дана халқымыз ұрпақтарының дүниетанымдық деңгейін көтеруге ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған.
Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе
өмірді сирек кездесетін мүлде кездеспейтін ойдан шығарылатын оқиғалар
баяндалады.
Ол ауызша айтылып, ел есіне ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан - ұрпаққа
ауысып, біздің дәуірімізге жеткен. Ертегілер көбінесе қара сөз түрінде
айтылады. Кейде өлең түрінде де кездеседі.
Ертегілердің әдетте басталулары ұқсас: "Баяғы өткен заманда бір шал
мен кемпірдің...... болыпты" немесе "Ерте , ерте, етреде , ешкі жүні бөлтеде
деп те басталады . Ертегі соңы олар "сөйтіп мұратына жетіпті " үнемі
жақсылықпен аяқталады.
Еертегілер мынадай жанрларға бөлінеді:
1. Қиял - ғажайып;
2. Хайуанаттар туралы;
3. Шыншыл ертегі;
4. Тұрмыс - салт ертегілер
Қиял - ғажайып ертегілерде жүрек, батыр адамдардың басынан кешкен сан - алуан ерлік оқиғалар баяндалады.
Олар жеті басты жыланмен , жалғыз көзді дәумен , жалмауыз кемпір, мыстан кемпір, небір құбыжықтармен күрес үстінде бар асыл қасиеттермен көрінеді.
Олар көкке ұшады, жер астына түседі, теңіздерін өтеді, азабы мол қиын - қыстау оқиғаларды ақыл , айла - тәсілін асырып, жеңіп шығады. Бұл ертегілерді оқи отырып жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тырысады. Мысалы, "Алтын сақа", "Ер Төстік", "Алтын балық" т.б.
Ата- бабамыз төрт түлік малды қадірлеп, пір тұтқан. баларларға ең жақын ертегілерхайуанаттар туралы ертегілер. Хайуанаттар туралы ертегілердің кейіпкерлері аң , құс, үй жануарлары болады.
Алайда олар адамға тән қасиеттер , әрекеттер иесі болып суреттеледі де сол арқылы сұм - қиянатшыл , арамза , қу мінез қылықтар әшкерленеді, еңбексүйгішті, батылдығы, адалдығы суреттеледі.
Шыншыл ертегілерді халық өмірін , тұрмысын шындық тұрғыдан бейнеледі. Атқамінерлердің іс - әрекеттерін әшкерлейді.
Ертегілердің тілі көркем , қарапайым , түсінікті жеңіл келеді. Сендер құрметті жас достар, ертегінің осылай тілі арқылы халықтың өз өмірлерін жақсарту жолындағы арман тілектерін, тамаша қиялдарын біліммен қоса өздерінде солай қиялдауға, армандауға үйренесіңдер. ертегінің көркем де, жеңіл тіл сендердің қиялдарың қанат бітіріп, арманды ақиқаттайды, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге , өз ойларыңды әдемі баяндауға үйретеді. Тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді ашып, кереметтерді танытады. халық ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан тіл үйрен, мәнін , мазмұның аңғар!
Жақсы қасиеттерін бойға сіңір! Ертегі саған өмір бойы адал серік бола алады.
Сонымен балалар бүгінгі біздің сабағымыз басқа сабаққа қарағанада өзгеше және қызығырақ өтетініне сенімдіміз. Себебі сабағымыз сайыс түрінде өткелі отыр. Олай болса үш топтың өнерін бағалап отыру үшін, әділ баға беретін әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
1_________________________________________
2__________________________________________
3__________________________________________
Осы сабағымыздың ашылуын ертегілер әнімен ашамыз."Ертегілер әні " орындалады. Орындайтын 2ББ-17 тобының қыздары Ғиса Сандігүл, Шаймерденова Әсем. Қарсы алыңыздар.
Әжем менің көп біледі ертегі,
Ерінбестен ертегіні шертеді.
Ерте,ерте, ертеде деп бастайды,
Бірнешеуін қабат атып тастайды .
Еліктіріп, ертегі бізді баурайды,
Қызықпасқа ешбір лажың қалмайды.
Айта берсе, айта берсе екен деп,
Отырмыз "Ұйқыға әлі ерте "деп.
-Ендеше сайысымыздың бастайық.
Бүгінгі сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:
І бөлім- Таныстыру.
ІІ бөлім- "Сөзжұмбақ".
ІІІ бөлім -"Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта" (Сахналық көрініс).
ІV бөлім - "Ертегілер қоржыны" (сурет салу)
V бөлім -"Тазшадай тапқыр боламын". (сұрақ-жауап)
І бөлім - Таныстыру. "Мыңнын түсін білгенше, бірдің атын біл"- деп таныстыруға кезек береміз.
ІІ бөлім - "Сөзжұмбақ". Әр топ 2 сұраққа жауап береді.
ІІІ бөлім - "Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта" (Сахналық көрініс).
ІV бөлім -"Ертегілер қоржыны" (қоржыннан еттегілерді суырып қай ертегі екенін табу).
V бөлім -"Тазшадай тапқыр боламын". (әр топ бір-бірлеріне сұрақ жасырады).
IV. Қорытыңды:
-Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті.
-Қазылар алқасы ортақ шешімге келіп, қорытынды шығарылсын.
-Ертегі- бала жанын қоректендіретін рухани қор. Мейірім мен махаббатты, сұлу сезім мен ұлы сенімді жүрекке етегін де осы ертегі. Ендеше біздер, үлкендер балаларға ертегі оқудан жалықпайық.
- Ал балалар, сендерге айтарым:
Тыңда, балам, ертегі
Ертегі сыр шертеді- дегендей, ертегіні көп тыңдап, естіп біліп өсіңдер.
V. Үй тапсырмасы: Ертегідегі тақырыптар бойынша кейіпкерлерді табу.
Бағалау.Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын.
Өз – өзіміді талдау
23.01.14ж күні « Ертегі халық даналығының айнасы» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Осы сабақ барысында алға қойылған үш мақсат бойынша жұмыс жасадым. Айтып өтетін болсам білімділік мақсатым: оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән - мағынасын ашу. Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көзқарастарын білдіруге үйрету. Ал дамытушылық мақсатым: оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту.Тәрбиелік мақсатым: ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп, баланы жақсылыққа бейімдеу . Жауапкершіліккетәрбиелей отырып, достыққа қарсы-қатынастарын дамыту болды . Сабақ барысында осы алға қойылған мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Сабақ барысы бойынша барлық кезеңдерді қамтып өттім және де уақытты үнемдеп, сабақты уақытында аяқтадым. Сабақ барысында оқушылар өз-өздерін көрсете білді. Сабақ сайыс сабақ түрінде өтті. Сайыс сабақ болғаннан кейін сабақтың басында мұғалімдер ішінен әділ қазылар алқасы сайланып алынды. Сабақ соңында әр топ сабаққа қатысуларына байланысты бағаланды. Сабаққа қатысып сабақ соңыда өз ойларын айтқан оқытушылар Еескалиева Гүләлем, Ахметбекова Асылтас, Жукеева Динара, Жумабаева Динара, Сайдова Гүлвира апайлар сөйледі. Әр мұғалім өз ойларын толық айтып өтті.
Сонымен қорыта келгенде сабақ уақытында аяқталып, өзім алға қойған мақсатыма жеттім.
Қостанай облысының білім басқармасы
Управление образоваия Костанайской области
Қостанай гуманитарлық колледжі
Костанайский гуманитарный колледж
Келісілді:
Бекітемін:
Согласовано:
Утверждаю:
Тәжірибе жөніндегі меңгерушісі:
Зам. по УПР/:
Байтенова С.Б
« » 20 ж./г
АШЫҚ САБАҚТЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ
МЕТОДИЧЕСКАЯ РАЗРАБОТКА
ОТКРЫТОГО УРОКА
Пән / предмет/ : Фольклорлық практика
Мамандығы / специальность / : Бастауыш білім беру
Курсы / курс /:2 2ББ-17
Оқытушы / преподаватель / : Карасартова Г.Ж.
ЦӘК төрайымы:
/ предсадатель ЦМК/:
Ахметбекова А.Ж.
« » ________20 ж./г
Қостанай қ
г. Костанай
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/46372-otkrytyj-urok-ertegiler-haly-danalyyny-ajn
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Преподавание информатики по ФГОС ООО и ФГОС СОО: содержание, методы и технологии»
- «География и биология: применение педагогических технологий и методов обучения согласно ФГОС ООО от 2021 года»
- «Адаптация первоклассников: особенности организации работы с обучающимися»
- «Профессиональный стандарт педагога (учителя начальных классов)»
- «Организация групповой психологической работы с детьми дошкольного возраста»
- «Особенности деятельности методиста в системе среднего профессионального образования»
- Педагогика и методика преподавания астрономии
- Технологии оказания социальной помощи гражданам и семьям с детьми
- Реализация учебно-воспитательного процесса в дошкольной образовательной организации
- Профессиональная деятельность советника директора по воспитанию
- Информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации
- Педагогическое образование. Содержание и организация профессиональной деятельности учителя

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.