- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Дене жаттығуларының жеке тұлғаның денсаулығы мен сымбатына әсері
М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға
арналған мамандандырылған мектеп –интернаттың
биология пәнінің мұғалімі Мынжасарова Гульназ Изтлеуовна
Тақырыбы: Дене жаттығуларының жеке тұлғаның денсаулығы мен сымбатына әсері.
Мақсаты: « Саламатты Қазақстан » мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінің бірі : Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жетілдіру жолдарын қалыптастыру.
Физикалық жаттығулардың,бидің жеке тұлғаның салауатты өмір салтын қалыптастыруда жүрек жұмысына әсерін теориялық , практикалық тұрғыдан меңгерту.Оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына , тәуелсіз ойлауына , өз идеяларын ұсына білуге ықпал ету.
Күтілетін нәтиже: Дене жаттығуларының жеке тұлғаның денсаулығы мен сымбатына әсерін практикалық тұрғыдан зерттеп үйренеді. Оқушылар жалпы мақсатқа жету үшін бірлесіп оқиды , өз бетінше ізденеді,өз білімдерін тексеріп бағалайды , достық қарым- қатынас жасайды, білімдерін нығайтады.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ . Биология,психология, дене тәрбиесі, би.
Сабақ өткізу әдісі: Практикалық сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Топтастыру, бағалау, диалог ,практикалық жұмыс,бақылау қорытындылау.
Ресурстар: Интерактивті тақта, ноутбук, оқулық, слайдтар , қызыл, көк түсті шарлар, Spark құралы,
Ұйымдастыру Оқушылармен амандасу, назарын сабаққа аудару. Оқушыларды қызыл–көк шарлар үлестіру арқылы топқа бөлу. Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрып жылы лебіз сыйлайды,қызыл –көк түсті шарлар таңдау арқылы 2 топқа бөлінеді
Психологиялық тренинг «Шын жүректен айтылған сөздер »
Музыкалық әуен . С. Тұрысбек «Көңіл толқыны» Оқушылар көздерін жұмып, өздері айтқан немесе оларға айтылған жақсы сөздерді, алған алғыстарын , жасаған қайырымдылықтарын ойлау тапсырмасы беріледі. Музыкалық әуенге көздерін жұмып, ойлану арқылы ойлап ойларын шын жүректен айтады Топ оқушылар бір- бірінің ойларын тыңдап , 3 шапалақ соғу арқылы бағалау жүргізеді .
SPARK құрылғысымен жұмыс..
Биология пәні мұғалімі : Сабағымыз шын жүректен айтылған сөздермен бастама алды.«Саламатты Қазақстан » мемлекеттік бағдарламасының мақсатына сәйкес өзінің ісін өмірін жалғастыратын салауатты, сапалы жан- жақты білім мен тәрбие беру арқылы интеллектуалды деңгейі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру қажет. Сондықтан сабағымыздың тақырыбы:«Дене жаттығуларының жеке тұлғаның денсаулығы мен сымбатына әсері »
Интерактивті тақтадан жүрек жұмысына байланысты бейне көрініс көрсету. Оқушылар сабақ тақырыбымен , мақсатымен танысады.Итерактивті тақтадағы көрсетілген бейне көрініске назар аударады.
Болашақ кардиолог маман 10 класс оқушысы Қадіржанов Мирас жүрек жұмысы туралы зерттеу жұмыстарымен және практикалық жұмыстың тақырыбын, мақсатын және Spark құралымен таныстырады.
Жүрек ырғағы жиілігінің қол сенсоры
PASCO компаниясының жүрек ырғағы жиілігінің қол сенсоры PASCO интерфейсімен бірге бес секунд сайын тамыр соғысының жиілігінің деректерін жинап жұмыс жасайды. Сенсор қорап пен сенсор жалғастырғыштарынан тұрады тұрады. Екі тұтқа сенсор қорабының орталық бөлігіне жалғанған. Сымныің екі метрге дейін ұзару мүмкіндігі бар. Ол әдетте тұтқаға дейінгі 15 см қашықтықта қосарланады. Қажет болғанда сымның қосарлану нүктесінен қашықтықты бір метрге дейін ұлғайтуға болады.Көрсеткіштер амплитудасы жүрек ырғағы сенсоры көрсеткіштерінің амплитудасы бір минут ішінде 40 пен 240 соғу арасында.Деректерді алу техникасы жүрек ырғағы қол сенсоры жүрек соғуының арысындағы уақытты автоматты түрдекөрсетеді, Бір минут ішіндегі соғу санын және әр бес секунд сайын соғудың орта санын есесптейді. Нәтижелер экранда көрсетіледі. Бұл «бір қалыпты» көрсеткіштерді алуға көмектеседі.
Оқушылар жаңа тақырып бойынша білімдерін кеңейтеді. Топ өзара қорытындылайды . Топ оқушылары 3 шапалақ соғу арқылы бағалау жүргізеді.Зерттеу жұмыстарын 10 класс оқушысы Қадіржанов Мирас жүргізеді. 1- сұрақ: Тыныштық кезеңінде адам қандай сезімде болады ? 2- сұрақ : Дене белсенділігінің жүрек жұмысына әсері қандай ? 3- сұрақ: Бидің денсаулыққа әсері қандай? сұрақтары қойылып, жауап алынады. 1. Тыныштық. Құлпырған дүниені сезіну , мақсаттарға жол салу , арман атты , тұлпармен алыс- алыс жақтарға сапарлау , көңілдегі көлеңкені аппақ бұлтарға алмастыру , сезімге берілу, санадағы сансыз жағымсыз ойлардан арылу , міне бір сәт тік тыныштықтың құдіреті . 2. Дене белсенділігі біздің өмірімізде маңызды роль атқарады, бірақ біздің тек бір бөлігіміз ғана қандай да бір спортпен тұрақты шұғылданамыз. Жүйелі дене белсенділігі көптеген аурулардың алдын алудың тиімді әдісі болып табылады. Ол денсаулықтың күйін әр түрлі қалыпта жақсартады: жүрек бұлшықетінің қызметін төмендетеді.Жүрек-қан тамырлары ауруларының қауіп-қатерін төмендетеді сүйектің салмағын арттырады 3. Би өнері әсемдік әлемінің заңдарын түсінуге жетелейді, адамға рухани күш береді, ерекше қуаныш сыйлайды , толқу сезімін оятады, өмірге деген құштарлығын арттырады. Би өнері жеке тұлғаны қалыптастыруда музыка тыңдауға , ырғақты сезініп, билеуге , мәнерлі қимыл –қозғалыс жасауға тәрбиелеп, дене бітімін сымбатты болып өсуіне жол ашады . Оқушыларға : тыныштық кезеңдегі , дене жаттығуларын орындау ,қара жорға би билеу кезеңдерін дене тәрбиесі мен би үйірмесінің жетекшісі Шайманова Айгүл Бекболатқызы және биология пәні мұғалімі Мынжасарова Гульназ Изтлеуовна жүргізеді. Оқушылар зертханалық жұмыстың тақырыбымен танысып, мақсатын түсінеді Оқушылар дене жаттығуларын, би қимылдарын музыкалық әуенмен көрсетеді Мұғалім зертханалық жұмыста нәтижеге жеткен оқушыларды мадақтайды.
Практикалық жұмыс кезеңдері :
Тыныштық кезең
Дене жаттығулары
Қара жорға биі
Кезеңдері орындалған соң, практикалық жұмыстар жүргізеді.ЭКГ датчигі жүректің электр сигналдарын анықтайды . PASPORT жүрек ырғағы жиілігінің қол сенсоры 1 минут ішіндегі соғу санын және әр бес секунд сайын соғудың орта санын есептейді. Қорытындыларын интерактивті тақтадан немесе ноутбуктен көрсетіп, жүрек жұмысын салыстырып отырады . Оқушылар практикалық жұмыстарды орындап , сабаққа белсенділік көрсетеді. Мұғалім зертханалық жұмыс қорытындысы бойынша оқушыларды бағалайды.
Рефлексия«Жүректен – жүрекке »
Топ оқушылар бір- біріне жақсы тілек айтып, берілген қызыл жүректерді кеуде қуысының сол жағына орналастыру қажет. Топқа бөлінген кезде қолданған қызыл, көк шарлардың түстерінің жүрекке әсер ету мәні түсіндіріледі .
Қызыл түс :жүрек бұлшықеттің жұмысын жақсартып, гемоглобиннің көтерілуі, иммунитетті көтеріп, адамға жылылық сезім береді.
Көк түс : Иммунитетті көтеріп, ауру түрлерінің жазылуына , қан тоқтатуға әсер етеді. Сенім, үміт, ашық шынайы ойын айтуға көмектеседі. Қызыл-көк Жүректілік , батылдық. Жүйке жүйесінің тыныштығы . Топ оқушылары жақсы тілек айту арқылы , түрлі- түсті шарларды ұшыру арқылы жүрек пішінін жасайды . Мұғалім де оқушыларды шын жүректен мадақтайды
Рефлексия Оқушылар ұстаздар сабақ туралы өз ойларын, пікірлерін білдіру керек. Оқушылар стикерлерге өз ойларын жазады.
.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/50403-dene-zhattyularyny-zheke-tlany-densauly
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Внеурочная деятельность: методы и технологии организации учебно-воспитательной работы по ФГОС»
- «Аспекты педагогического мастерства тренера-преподавателя»
- «Центр «Точка роста»: реализация образовательной программы по предмету «Биология»
- «Преподавание географии и экологии по ФГОС ООО и ФГОС СОО: содержание, методы и технологии»
- «Особенности работы педагога с учащимися с задержкой психического развития»
- «Физическое воспитание студентов в рамках занятий по адаптивной физической культуре в соответствии с ФГОС СПО»
- Педагог-библиотекарь в образовательной организации
- Психологическое консультирование и оказание психологической помощи
- Педагогика и методика преподавания биологии в образовательной организации
- Педагог-воспитатель группы продленного дня. Организация учебно-воспитательной деятельности обучающихся
- Тифлопедагогика: обучение и воспитание детей с нарушениями зрения
- Теория и методика преподавания истории и обществознания

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.