- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Оказание первой помощи в образовательных учреждениях»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Ризашылық пен Алғыс (Өзін-өзі тану 3 кл)
Сәрсенбаева Лариса Асқарқызы
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы
№5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Ашық сабақ. Өзін-өзі тану 3 кл
Тақырыбы: Ризашылық пен Алғыс
Өмірге риза болып, алғыс айт.
Халық даналығы
Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:- ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;
әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу;
Көрнекі құралдары: оқулық, дәптер, кеспе бата қағазы,қоржын,интерактивтік тақта
Шаттық шеңбері: Ризашылық
Сөзі мен әнін жазған Луиза Хей
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге!
Ризамын, ризамын, ризамын, ризамын,
Ризамын, ризамын, ризамын, бүгінге,
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.
Әңгімелесу
Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
-Ризашылық-адмның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі
-Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Мәтін мен жұмыс «Алғыс» М. Төрежанов.
( мұғалім мәтінді оқиды, тізбектеп оқушыларға оқыту)
Қасым мен Хасен анасына не үшін алғыс айтты?
Анасы балаларына алғысты не үшін айтты?
Сендерге алғыс айтқанда қандай сезімге бөленесіңдер?
Сергіту сәті Оқушыларға жасырын сергіту беріледі, өлең сөздерімен өздері сергітуді айтып шығады.
Сергіту
-----------------------баламыз,
------------------------барамыз.
-----------------------есейіп,
------------------------боламыз.
Данышпан атамыз бізге Ақботаның қоржынына өзінің алғыс батасын салып жіберіпті. Сол қоржыннан шыққан хатты әр оқушы алып оқиды және оның мағынасын ашып айтып кетесіңдер.(қоржындағы әр бата сөзі кеспе қағазда жазылған)
Рахмет! Жасың ұзақ болсын! Таудай бол! Өренің өссін! Бақытты бол! Білімді бол! Өнерлі бол! Бағың жансын! Мұратыңа жет! Өнерің өрге жүзсін! Азамат бол! Еліңе қорған бол!
Сахналау:
Балалар өмірде кездесетін жағдайларға қарай ризашылық білдіруге, алғыс айтуға дағдыландыру мақсатында сахналау ұйымдастырылады. Әлгінде оқыған Данышпан атаның алғыс сөздерін сахналау кезінде қолдануымызға болады.Оқушыларды үш топқа бөлу. Әр топқа жеке-жеке сахналау тапсырмалары беріледі.
І топ: Мұғалімнің және сыныптастардың қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау;
ІІ топ: Ағалы-қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау;
ІІІ топ: «Ұландар» тобының қарттар үйіне барып, қайырымды іс жасау сәтін сахналау.
(интерактивті тақтада сахналайтын бейнелердің суреттері беріледі)
Дәйексөз «Өмірге риза болып, алғыс айт» тақтада жазулы болу керек.
-Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады.
Жаңа ақпарат
Балалар, ризашылық пен алғыс сөздерінде көп мағына жатыр. «Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді. Ал өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғысдейміз.»
Дәптермен жұмыс тапсырма
Дәптерде берілген сұлбаға М. Төрежановтың «Алғыс» әңгімесінің мәтіні бойынша кімнің және кімге алғыс айтқанын орналастырыңдар. Бос жолақтарға не үшін алғыс айтқанын жазыңдар.
Қортындылау:
--Балалар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.
Жүректен жүрекке: Біздің тілек. Ғ. Жұмабаев
Бізге ашық күн керек
Аспан керек мөп-мөлдір
Қуанышқа тұр бөлеп
Бақытты өмір төккен нұр
Тыныш болып жер беті
Түршікпесін денеміз
Азамат боп ер жетіп
Ағаларға ереміз
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/52955-rizashyly-pen-alyszin-zi-tanu-3-kl
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Психолог в социальной сфере: содержание и методы психосоциальной работы»
- «Духовно-нравственное воспитание детей в условиях реализации ФГОС ДО»
- «Осуществление, контроль и управление закупками в соответствии с Федеральным законом № 44-ФЗ»
- «Организация обучения русскому родному языку и литературному чтению на родном языке в соответствии с ФГОС НОО»
- «Управление организацией дополнительного образования детей: специфика деятельности руководителя организации ДОД»
- «Принципы и особенности социальной работы с бездомными людьми»
- Организация и содержание деятельности младшего воспитателя в дошкольном образовательном учреждении
- Содержание и организация тьюторского сопровождения в образовании
- Менеджмент в образовании
- Русский язык и литература: теория и методика преподавания в образовательной организации
- Теоретические и практические аспекты деятельности по реализации услуг (работ) в сфере молодежной политики
- Мировая художественная культура: теория и методика преподавания в образовательной организации

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.