Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
13.06.2014

Денсаулық зор байлық

Бегімбетова Жансауле Құлтасқызы
учитель казахского языка и литературы
Разработка классного часа «Денсаулық зор байлық» в формате увлекательного путешествия на поезде. Ученики посетят тематические станции: чистоты, семейного воспитания, здорового детства, школы, зеленой аптеки, а также узнают о вреде алкоголя и табака. Цель — наглядно показать ценность здоровья, важность гигиены и профилактики болезней, сформировать осознанный отказ от вредных привычек и привить основы здорового образа жизни у школьников.

Содержимое разработки

Денсаулық - зор байлық

Мұғалім: Денсаулық – адамның ең қасиетті де, құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Біз осы жаңа ғасырдан күтер үмітіміз көп. Сондай-ақ қазіргі заманда адам ағзасына тиер залалда жетерлік. Тірі ағзаға тиер экологиялық үш фактордың әсері осы таңда айтпаса да көзге шыққан сүйелдей болып көрініп тұрғаны анық.

Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан -2030» бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатына баса назар аударылып, ерекше аталып өтілгені біздің азаматтарымыздың ертеңі бүгіннен басталатынын көрсетсе керек.

Салауатты өмір салтының мақсаты - өмір сүрудің мағынасы терең екендігін білдіруде.

Ішімдік, нашақорлық – адамның жауы. Бұл жолдан аулақ жүру керек. Басты байлық денсаулық екендігін сіздердің көздеріңізді жеткізгіміз келеді. Ол үшін біздің тұратын кентіміз тоғыз жолдың торабында болғандықтан пойызбен саяхатқа шығалық. Пойыз бірнеше бекетке тоқталады.

бекет.Пәктік бекеті.

Бұл жернден кіршіксіз сезімге толы, өте нәзік жанды балалар шығады.

Мен өмірге келдім, өте кішкентай қуыршақтаймын. Мен анамнаң ішінде жатқанда сыртқы ортада болып жатқан зиянды жайттарды байқап жаттым. Олар – түрлі химиялық заттардың тірі ағзаға тигізіп жатқан әсерлері. Енді мен олардан аулақ жүруге тырысамын.

2-бекет. Жанұядағы тәрбие.

Жақсы сөз: Мақтаншағым менің, жаным менің, ақылдысың ғой, бәрекелді, айналайын, қандай кереметсің т.б.

Жаман сөз: Ой кетші, ары жүрші, есуас, жынды, оңбаған т.б.

Пойызға осы бекеттегі тәрбиелік мәні зор баланың дамуына, психологиялық ахуалына жақсы әсер ететін тәрбие, яғни жақсы тәрбие отырғызылады.

3-бекет. Балалық шақ.

Мен бала кезімде-ақ жақсылық пен жамандық, ақ пен қараны айырып, пайда және зиянды, үлкен мен кішіні, бата мен қарғыс туралы мағлұмат алдым.

4-бекет. Мектеп.

Менің міндетім әріп үйрену, жазу, есептеу, табиғаттың кереметтігін бақылау, сурет салу, оқу, жалпы білім алу.

5-бекет. Тазалық.

Мен кір қоймас, кір қоймас,

Тазалаймын бәрін де

Мені көрсе барлық лас

Қашып кетер бір демде

Ойпырмау, мынау отырғандар мені қабылдап, кіргізер ме екен, жоқ қарсылық көрсетер ме? Егер қабылдаса мен талай нәрсені тазалар едім. Бір микроб та қалдырмас едім.

6-бекет. Жасыл дәріхана

Мен табиғатта кезігетін барлық өсімдіктер жинағының орталығымын. Жанға жайлы ешбір зиянсыз кез-келген аурудың алдын алу шараларымен қамтылғанмын.

Егер де қаласаңдар, сендермен бірге жүрсем деймін. Қалай қарайсыңдар, қазақ халқы бекер айтпаған шығар. «Өсімдік – жанға шипа, дертке дауа» деп.

7-бекет. Ішімдік

Әй, адамзат неге жүрсің серіксіз?

Тоқта! Тоқта!

Мені көрсе ішіп алар адамдар бар шыдамай,

Ішу үшін бұл өмірде сылтаулар көп мынадай:

Табысы мен атақ-даңқы, қолы жеткен мансабы,

Себепсіз құр ішу мақсат ауып кетсе аңсары

Осы арқылы мен алдымен адамдарды жаулаймын,

Ақырында уақыт өте әлемді де қармаймын.

Мұғалім:Иә, балалар, ішімдікті біз қабылдаймыз ба?

Балалар қарсылық көрсетеді.

8-бекет. Темекі.

Уа, халайық!

Маған сен,

Барлық адам өмірін,

Көк түтінге улатып,

Тәнін жаулап аламын.

9-бекет. Есірткі.

Мына мен бар!

Уа, халайық қараңдар

Көз көрмейтін сиқырым бар

Еліктірер адамды

Осы «өнермен» әп-сәтте-ақ

Жаулап алам ғаламды.

Мұғалім: Сонымен, балалар, соңғы үш бекеттің жолаушыларын қабылдаймыз ба?

Балалар себептерін айтып, қарсылықтарын білдіреді.

Мұғалім:Олай болса, пойызымызды тоқтатпай бекетке жүрейік.

10-бекет. Саулық.

Шыншыл мақсат қай кезде де жол табар,

Кезің келді қоғам жүгір арқалар

Аярлыққа еріп кетсең сүмеңдеп

Айта алмаймын ертеңіне сенем деп

11-бекет. Сырқат.

Балалар!

Өз елімнің абыройын,

Қорғанысын, ақал-ойын

«Қайтсем биік көтеремін?» деп ойладым

Бірі болса бірегейі

Хандығыма түбегейлі

Жаңа өзгеріс енгізуге

Белді мықтап байладым

Көп толғанып ойға келдім мынадай:

Хандығымның төрт тағандап

Тұруы үшін құламай

Бар әлемді жаулау керек,

Кенде емеспіз күштен де,

Тағдыр біздің даңқымызды

Әлде қате пішкен бе?

12-бекет. Экология.

«Ұя бұзба, жұмыртқаға тиме!» деп,

Ұрсушы еді менің анам күйгелек

«Жас шыбықты сындырма» деп ұрсатын

Шыққанымда «тұлпарымды» сүйрелеп

«Ұя бұзба, Бұзба!» деймін балама,

Өсиетің қандай ғажап, жан ана!

Тал-теректі тамырынан қиятын

Тасжүректер әлі де көп арада ...

«Бұзба!» дейді аспан түгел, жер түгел

Сол өтініш анамды еске келтірер

Анам болып ұлы Отаным сөйлейді

Бұзылмасын дүние түгел, жер түгел!

Әр бекетке тоқталып, талдау жасалады. Оқушылардың денсаулық туралы білетін мақал-мәтелдері, ұлағатты сөздері, тыйым сөздері тыңдалады.

оқушы:

Кісіге қарап жөтелме.

Суды улама, суға түкірме

Дені саудың – жаны сау.

оқушы:

Бірінші байлық- денсаулық.

Тазалық бар жерде денсаулық бар.

Алдын алу – ауруды жеңу.

оқушы:

Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі.

Тазалық – денсаулық кепілі.

Бас аманда мал тәтті,

Бас ауырса жан тәтті.

оқушы:

Аурудың жақсысы жоқ,

Дәрінің тәттісі жоқ.

Жарлының байлығы – денінің саулығы.

Ауырып жазылған жан олжа,

Жоғалып табылған мал олжа.

5-оқушы:

Ибн Сина: «Дене құрылысының үйлесімін бірқалыпты ұстау дегеніміз – тағам мен сусынды талғау, дерт тәртібін мұқиаттау, киім мен ауа тазалығын сақтау, дене мен рух бірлестігін естен шығармау, ұйқы тәртібін бұзбау»

оқушы:Н.А. Добролюбов: «Денсаулық дегеніміз – тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны ағзаның жан-жақты дамуы мен бүкіл дене қызметтерінің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн».

оқушы:Б. Шоу: «Ауру-сырқаудан сау дене дұрыс рухтың жемісі болып табылады.».

оқушы:Тәннің ләззаты – саулығында,

Жанныңләззаты – білімінде.

Фалес.

Мұғалім:

Жаңа ғасыр, қош келдің, танысалық!

Қош келдің, танысалық!

Әзірше жұлдызымыз алыс аны

Қазақша төсімізді түйістіріп,

Қазақтың даласында табысалық

Есем кетті ғасырлар додасында,

Еншім кетті ғасырлар қарасында

Несібем бар менің де сыбағалы,

Несібем бар мың жылдық жобасында.

Есем кетті, есемде қайтарамын

Білмеймін көңіл қайтсе жай табарын?

Абайымның ақылын атқара алмай,

Абай сөзін тағы да қайталадым.

Еншімді бер мың жылдық түгел менің

Дүниесін жұртымның түгендігін

Төрт құбылам тең болып, төрт түліктің

Бір тұяғын басқаға жіберемін

Қош келіпсің! Мың жылдық сырлы сағым,

Көп болсын көлеңкесіз нұрлы шағын

Жайсын саған қызығын күн шуағың,

Жайсын саған ғажайып түн құшағын! – деп Егеубаев Асқар ақынның өлең жолдарымен осынау кешімізді қорытындыламақпыз.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/53423-densaulyzor-bajly

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки