- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Методическая разработка открытого физкультурного занятия для дошкольников
Білім беру саласы: Денсаулық. Таным
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Көлденең қойылған нысанаға лақтыру»
Мақсаты: 1, Оң және сол қолмен көлденең қойылған нысанаға лақтыруға жаттықтыру
2. Көзбен мөлшерлей білу дағдыларын дамыту, нысанаға тигізуге үйрету.
3. Бір-бірлеп тізбекте жүру білігін және жүгіру дағдысын бекіту; бір орыннан ұзындыққа секіруді жетілдіру.
Құрал-жабдықтары: әрбір балаға 2 текшеден, 2 ұзын жіп, лақтыруға арналған 3-4 үлкен шығыршық, 1 кішкентай шығыршық.
Іс-әрекет кезеңдері | Нұсқаушының іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық | Балалар бір қатармен спорт залға кіреді. Сапқа тұрғызады. Сәлемдеседі. Жетекшінің артынан бір қатар тізбекпен жүру және жүгіру. Бір орында тұрып оңға бұрылады, солға бұрылады және бір орында айнала секіру. | Сапқа тұрады. Сәлемдеседі. Әр қолдарында бір текшеден болады. Ырғақпен текшені текшеге ұрып жүреді. Белгі бойынша тоқтап, педагогке бұрылады. |
Ұйымдастыру- шылық- ізденістік | Нұсқаушы балаларды бастап , шеңбермен, аяқтың ұшымен, өкшемен, қазтабандап жүру; жылдам, ирелеңдеп жүгіру жайлы нұсқау береді. Қыздырайық денені, Кел балалар, кел бері. Қыздырайық денені, Біз шеңберде жүріп-ақ. Жүгірейік бір уақ. Бір, екі, үш. Құстай қанат қағайық! Екі қолды жоғары, Сәл көтерсек болғаны. Енді оны бөгелмей, Түсірейік, қанат қағайық! Бір, екі, үш. Үш қатарға бөлініп тұрады. Текшемен орындалатын ЖДЖ орындатады: Б.Қ.: тұру, қолдар төмен түсірілген. Қолды екі жаққа созу, жоғары көтеру, аяқтың ұшымен тұру; б.қ. оралу. Б.Қ.: отыру, аяқтарды бірге қою, қолдарды тізеге қою. Бір жаққа қарай бұрылу, текшелерді еденге ұру, денені түзу ұстап тұру. Дәл солай екінші жақпен орындалады. Б.қ. тұру, қолдар түсірілген. «Шеге қағып жатырмыз»,- деп, жартылай отырып, текшені еденге ақырындап ұру; б.қ. оралу. Б.қ.: қолды алдыға созып, етпетінен жату. Екі қолды екі жаққа созу, алға қарау, мұнда қолды бүкпеуге тырысу керек, б.қ. оралу. 2. Бір орында тұрып, аяқтың ұшымен жеңіл секіру (20-30 сек). 3.Жүру (текшелерді себетке салу). Балалар екі қатарға бөлініп тұрады. Сол кезде есікті қағып Суық күн кіріп келеді. Түшкіріп, жөтеліп, бәріне су шашады.. Педагог: Саламатсың ба? Сен кімсің? Суық күн: Мен Суық күнмін. Саламатсыңдар ма балалар! Педагог: Суық күн сен бұл жерге не үшін келдің? Суық күн: Не үшін келдің? Күзбен бірге келдім ғой. Мен сендерге ренжідім. Сендер мені шақырған жоқсыңдар, сол үшін мен сендердің бәріңді ауыртамын. Мен дені сау, батыр балаларды жақсы көрмеймін, мен ауырып, жөтеліп, тұмау болып жүрген балаларды жақсы көремін. Сол үшін мен сендердің бәріңе суық тигіземін, сонда сендер бәрің жөтеліп, түшкіріп, жаттығу жасай алмай, аурып жүресіңдер. Педагог: Балалар, Суық күн бізден кетуге асығар емес қой, оның көңіл-күйін көтерейік. Қане, сол үшін біз оған бірнеше жаттығуларды орындап көрсетейік. Сонда Суық күн бізге су шашып ауыртпайтын шығар. Ал, бастайық! Суық күн сен де бізге қосыл! Орында тұрып екі аяқпен ұзындыққа секіру. Бір шетінің аралары 20-30 см болатындай екі жіп керіліп тартылады. Оң және сол қолмен қапшықты көлденең қойылған нысанаға лақтыру. Егер балалар педагогтың көрсетіп бергендерін және түсінгендерін жақсы қабылдайтын болса, онда жаттығуды топпен бірге бір уақытта орындатуға болады. Педагог: Жоқ Суық күн ,сен бәрін дұрыс көрсетіп жатқан жоқсың. Қарашы, біздің балалар жаттығуларды қандай керемет, дұрыс, қуана жасайды. Суық күн: Ия, көрдім. Сендер барлығың шымыр, епті, денсаулықтарың мықты екенсіңдер. Спортты жақсы көретіндерің көрініп тұр. Сендер мені жеңдіңдер, мен сендерге су шашып ауыртпаймын. Енді сендермен ойын ойнауға бола ма? Педагог: Балалар, Суық күнмен ойнағыларың келе ме? Ендеше «Мені қуып жет!» қозғалысты ойынын ойнайық. Шарты: балалар екі-екіден бөлініп, бірін-бірі қуалайды. Бұл ойынға педагог те, Суық күн де қатысады. | Балалар нұсқаушының айтқандарын орындайды. Аяқ ұшымен жүруге дайындалып, қолды жоғары созып, тапсырманы орындайды. Қатарда арақашықтықты сақтап жүреді. Жаттығуларды өз бетінше орындайды. Жаттығуларды 6-8 рет қайталау. Жаттығу орындау барысында жетекшінің нұсқауын мұқият тыңдайды, орындайды. Бұл жағдайда балалар секіруді жақсы орындайды, біреуі «арықтың» кең жерінен секірсе, кейбіреуі тар жерінен секіреді. Балалардың барлығы педагогтің белгісімен 4-6 рет секіреді. Балалар таң қалады. Балалар амандасады. Саламатсыз ба. Балалар таң қалып, Суық күнге қарап қалады. Балалар Суық күнге қарап тыңдайды. Балалар мәз болып дайын екендіктерін жасырмайды. Жаттығуды бір уақытта 3-4 бала әрбір қолымен 2-3 реттен орындайды. Педагогтің нұсқауы бойыншат шығыршыққа лақтырады. Балалардың назары Суық күнде болады. Ия, ойнаймыз. Ойынды 2-3 рет қайталап ойнайды. |
Рефлексиялық- түзетушілік | Өкшемен, аяқтың ұшымен, табанның сыртқы жағымен жүру түрлерін орындатады. Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Ойындар қызық болды ма? Бүгін бізге қонаққа кім келді? Ауырмас үшін не істеуіміз керек екен? Жарайсыңдар, балалар! Балаларды мадақтау | Осы әрекеттерді қолдарын көтеріп жүріп орындайды. Ия, қатты ұнады. Өте қызық болғанын айтады. Суық күн келді. Дене шынықтырумен айналысу керек екенін айтады. Балалар мәз-мейрам болады. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: оң және сол қолмен көлденең тұрған нысанаға лақтыруды;
түсінеді:көзбен мөлшерлей білу дағдыларын дамыту, нысанаға тигізуді;
қолданады: бір орыннан ұзындыққа секіруді.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/226234-otkrytyj-urok
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Основы профессиональной деятельности тьютора образовательной организации»
- «Профессиональная деятельность мастера производственного обучения»
- «Особенности патриотического воспитания дошкольников в условиях реализации ФГОС ДО»
- «Творческая деятельность обучающихся»
- «Конфликты в образовательной среде: действия педагогов и руководителей образовательных организаций»
- «Профессиональная деятельность педагога-психолога: содержание и организация работы»
- Тифлопедагогика: учебно-воспитательная работа педагога с детьми с нарушениями зрения
- Методы и технологии преподавания английского языка в образовательной организации
- Основы менеджмента в образовательной организации
- Информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации
- Менеджмент социальной работы и управление организацией социального обслуживания
- Педагогика и методика преподавания истории и кубановедения

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.