Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).
Повышение квалификации

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
19.01.2017

Открытый урок

Хасенова Б.М.
учитель казахского языка
Урок по казахскому языку с русским языком обучения 6 класс

Содержимое разработки

Ашық сабақ

Мектеп:Көкшетау қаласының №14 орта мектебі

Сынып: 6 «В»

Тақырыбы:«Тазаауамен демалайық».

Смарт мақсат:Сабақ аяғына қарай оқушылар лексикалық тақырып бойынша сұрақ және диалог құрастыра алады, демеулік шылау түрлерін анықтай алады, мысал келтіре алады, эссе және синквейн жаза алады, өз ойларын дәлелдей алады.

Күтілетін нәтиже:

Сабақ аяғына қарай оқушылар лексикалық тақырып бойынша сұрақ және диалог құрастырады, демеулік шылау түрлерін анықтайды, мысал келтіреді, эссе және синквейн жазады, оз ойларын дәлелдейді.

Міндеттер:

1.Білімділік: оқушылардың «Таза ауа» тақырыбы бойынша жаңа сөздерді меңгереді; жаңа сөздермен жұмыс істей білу машығы қалыптасады; модуль бойынша грамматикалық тақырып - демеулік шылауды игереді;

2.Дамытушылық: оқушылар аталмыш тақырып бойынша ойын еркін жеткізе білуге машықтанады; демеулік шылауларды сөйлемде қолдана білу машығы қалыптасады.

2. Тәрбиелік: экологиялық тәрбие беріледі - оқушылар өзінің әлемнің бір бөлшегі ретінде және бұл әлемде, табиғатта болып жатқан өзгерістерге жауапты тұлғаның бірі екендігін сезінеді.

Сабақ көрнекілігі:

Интерактивті тақта.

Ватман қағаз.

А4 қағазы.

Фломастерлер.

Стикерлер.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды психологиялық дайындау жұмысы жүргізіледі. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек, мадақ айтады.

Оқушылар үш топқа бөлінеді. Бұл үшін оқушыларға «Ағаш жапырақтарын» таңдау ұсынылады. «Емен жапырағын» таңдағандар бірінші топ, «қайың жапырағын» таңдағандар екінші топ, «үйеңкі жапырағын» таңдағандар үшінші топ болып белгіленеді.

Әр топтың басшылары - спикерлер сайланады. Спикерлер жүмыс барысында топ жүмысын үйымдастырады; оқушылардың белсенділігі бойынша олардың жүмысына баға береді.

Үй жұмысы тексеріледі. Үй жұмысы: «Демеулік шылау түрлері бойынша сөйлем құру».

Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға мәтін таратылады. Мәтін сонымен қатар интерактивті тақтада көрсетіледі.

Мәтін мазмұны:

Таза ауа

Таза ауа - адам қажеттілігі. Дені сау адам - бай адам. «Ысырапшыл адам -ұрпағының несібесін ұрлайды» деген сөз бар. Қазіргі кезде бұл сөздің шындық екендігіне көз жеткізіп отырмыз. Зауыт-фабрикалар, автокөліктер ауаны ластап жатыр. Орман-тоғайлар аяусыз шабылып жатыр. Жануарлар құрып жатыр. Су көздері ретсіз пайдаланылуда. Мұның салдарынан экологиялық апаттар болып жатыр, Адамдар неше -түрлі ауруга шалдығып жатыр. Бірақ,әлі де кеш емес. Бұл үшін біз өзіміздің тек тұтынушылық және ысырапшылдық психологиямызды өзгертуіміз керек. Табиғатты тиімді пайдалануымыз керек. Ағаш егу, көгалдандыру жұмыстарын адамның өмір дағдысына айналдыру қажет.

Мәтінмен жұмыс істеу шарты:

Iтоп

Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну(а) жеке-жеке оқиды, ә) жұп бойынша бір-біріне мазмұнын айтады.

Мәтін бойынша негізгі ойды табу (бұл жердегі негізгі ой, мысалы - «табиғаты қорғау», «ауаның тазалыгын сақтау», «ауаны таза қалпында сақтау» және т.б.),

Мәтін бойынша экологияга теріс әсер ететін факторларды келтіру. Мысалы, - «Автокөліктер», «Зауыттар мен фабрикалар», «Жылу электр станциялары», «Орман-тоғайларды шабу», «Ысырапшылдық және тек тұтынушылық» психологиясы.

3. Постер қорғау - «Экология қорғау бойынша жаңа шешімдер ұсыну». Мысалы,

«автокөліктер» - автоколіктерді газды қондырғыларға көшіру;

«Зауыттар мен фабрикалар» - жоғары сапалы сүзгілер орнату;

«Жылу электр станциялары» - жел, күн, атом, гидро электр станцияларының санын көбейту,салу;

«Орман-тоғайларды шабу» - қағаз өңдіруге баламалы түрлерді пайдалану, мысалы, қағазды сабаннан, бамбуктен және т.б. жылдам жетілетін өсімдіктерден дайындау;

«Ысырапшылдық және тұтынушылық» - ысырапшылдық психологиясын жою.

IIтоп

1. Лексикалық тапсырма.

Мәтінді мәнерлеп оку.

Мәтінге жоспар құру (топтық жұмыс).

Жоспар мысалы:

Таза ауаның адам өміріндегі маңызы.

Ауа ластануына әсер етуші факторлар.

Ауа ластануының адам оміріне әсері.

Аталмыш мәселенің шешімін табу жолдары.

2) Мәтін бойынша сұрақ құрастыру (топтық жұмыс). Бағалауды спикер жүргізеді: топ оқушысы неше сұрақ ойлап тапса, сонша балл береді. Бір сұрақ - бір балл. Сұрақтар мысалы:

Дені сау адам қандай адам?

Таза ауаны нелер ластап жатыр?

Су көздері қалай пайдаланылуда?

Табиғатты сақтау үшін ада.м кандай психологиясын өзгертуі қажет?

Адам қандай жұмыстарды өмір дағдысына айналдыруы қажет?

IIIтоп

Грамматикалық тапсырма (топтық жұмыс).

Сөйлемдерді демеулік шылаулар қосу арқылы өзгерту. Бағалауды спикер жүргізеді: топ оқушысы неше сөйлем ойлап тапса, сонша балл береді. Бір сұрақ - бір балл.

Демеулік шылаудың ережесін айту. Бағалауды спикер жүргізеді.

Диалог қүрастыру. 4-5 сөйлем. Спикер бағалайды.

7.Тапсырма

Iтоп - «Таза ауамен демалайық» тақырыбы бойынша шағын эссе құрады. Эссе мысалы:

Таза экология - біздің жарқын болашағымыз. Таза ауа, таза су, таза тамақ -адамдар денсаулығының кепілі. Барлығымыз да экологияны қорғауға үлесімізді қосайық.

IIжәне III топтар - бестағап - сипквейн (өтілген тақырыпқа байланысты -1.Бірзатесім. 2. Екі сын есім. 3. Үш етістік. 4. Тақырыпқа байланысты негізгі ой берілетінсөйлем. 5. Бірінші зат есімге байланысты мағыналас сөз) құрастырады.


Синквейн мысалы:

Ауа.

Таза, мөлдір.

Дем алады, жаксарады.

Таза ауа - адам қажеттілігі.

Өмір.

Таза.

Кірсіз, ғажап.

Тыныстау, дем алу, пайдалану.

Таза ауа - денсаулықка пайдалы.

Мөлдір.

Экология.

Жаксы, таза.

Қорғау, жақсарту, көгалдандыру.

Адамныңөмір дағдысына айналдыру.

Таза ауа.

Мүғалімсабақты қорытады. Оқушыларға жетекші сұрақтар қойылады. Сұрактардың мысалы:

Адамғақандай ауа қажет?

Дені сау адам қандай адам?

«Ысырапшыл адам» сөзі орыс тіліне қалай аударылады?

Ауа таза болуы үшін біз не істеуіміз керек?

Қандай жұмыстарды адам қмір дағдысына айналдыруы қажет?

Иә, балалар. Дені сау адам - бай адам. «Ысырапшыл адам - ұрпағының несібесін ұрлайды» деген сөзді есте ұстай отыра, бәріміз де болашағымыз жарқын болуы үшін кішкене де болсын, өз үлесімізді қосайық.

Данаұстаз туралы әпсәнә

Ертеде бір дана өмір сүріпті. Оның шәкірттері мен жолын қуушылар көп болыпты. Көптеген адамдар оны ұстаз тұтыпты. Бір күні оның екі шәкірті өзара бәстесіп қалыпты. Біреуі мен ұстазыма оны тығырыққа тірейтін сұрақ қоя аламын десе, екіншісі мүндай сұрақ қою мүмкін емес депті.

Бірінші шәкіртіұстазын кулықпен жеңбекші болыпты. Ол таңертемен далаға барып, кішкентай әдемі көбелек ұстап алады. Оны абайлап алақанына салып. көрінбейтіндей етіп жұмады. Ол «Мен одан алақанымның ішіндегі көбелек тірі ме деп сұраймын, егер ол «жок» десе, онда мен алақанымды ашқанда, кобелек ұшып шығады, ал «тірі» десе мен көбелектіқысып өлтіремін де, алақанымды ашқанда, олөлген көбелекті көреді. Осылайша ол қиын жағдайға тап болады, ал мен бәсті ұтамын» деп ойлапты.

Шәкірті дана ұстазына келіп, көпшілік көзінше одан былай деп сұрапты:

Ұстазым, менің алақанымның ішіндегі көбелек тірі ме, әлде өлі ме?

Ұстазы: - Шәкіртім менің, өмірде барлығы да өз қолыңда болады..., - деп жауап беріпті.

Кейде өмірімізде бізді қоршаған адамдар, болып жатқан оқиғалар және тағы басқа істер бізге не оң, не теріс сипатта ғана сияқты болып көрінеді. Бірақ шынайы өмір алуан түрлі көріністерге ие болып табылады. Сондықтан да адамдар мен өзіңнің бойыңнан өзің үшін барлығын оңай өзгерте білуге болатын қырларды кере білуге үйрен.

8.Спикерлер қорытындысы бойынша оқушылар жұмысы бағаланады.

Рефлексиялык жұмыс жүргізіледі. Бұл үшін оқушыларға жасыл, сары, қызыл түсті жапырақ таңдау ұсынылады. Жасыл түс - «жақсы меңгердім», сары түс - «орташа меңгердім», қызыл түс - «нашар меңгердім» дегенді білдіреді. Оқушылар таңдаған түсті апарып алдын ала дайындалған суретке жапсырады (стикер түсі санына қарай мүғалім оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін анықтайды).

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/240008-otkrytyj-urok

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки