- «Реализация проекта «Добрые игры» в системе дошкольного образования»
- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Оказание первой помощи в образовательных учреждениях»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Сценарий осеннего праздника Алтын күз для детей в детском саду
Алтын күз!
Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар,халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді. Сендер білесіңдерме ол кім?
Балалар: Ол күз.
Тәрбиеші:Ендеше, күз ханшайымын ортаға шақырайық.
Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Тәрбиеші: - Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық
Сырым: Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Хорлан: Берекелі, мерекелі
Келді жомарт алтын күз
Далада, қалада да
Жанның бәрі жарқын жүз.
Нұрай: Алқаптан бидайды,
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген
Ұнатамын күзді мен
К.Аружан: Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр-сыбдар етеді.
Айкерім: Жайдары күз, жомарт күз
Аяулы күз, алтын күз
Дәнге толы кең далам,
Дариядай шалқып жүр
Ж.Айзере: Жүзім, алма жинаймыз,
Алтын мақта тереміз
Үлкендерді сыйлаймыз
Көмектесе береміз
Қарақат: Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
Тәрбиеші: Ән салыңдар, күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық
Ән: «Балапан» қабыл алыңыздар!
Күз ханшайымы: - Рахмет, балалар. Бүгінгі күз мерекесінде сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Кім жылдам!»
Тәрбиеші: Жел тұрудан жалықпайды,
Күн жылытып жарытпайды.
Жапырақтар жерге қарай,
Қалықтайды, қалықтайды. Келесі кезегімізді тамаша биге берейік.
Би: «Жапырақтар!» қыздар тобы
Тәрбиеші: Күзде өздері пісетін,
Тамаққа кеп түсетін,
Мақтанбақшы сіздерге, жемістер, көкеністер сан түрлі.
Ортада жемістер мен көкеністер, өздері туралы тақпақтар оқиды.
Тамирис: Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін-ай
Оның аты-құлпынай
Н.Мирас:Дөп-дөңгелек сары
Ішінде бар дәні
Қызығасың көріп
Оның аты-өрік
Ақнұр: Сырты қандай қатты
Дәні қандай тәтті
Шағып қара таңдап
Оның аты – жаңғақ
Әділбек: Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған
Ағайынбыз бәріміз.
Ақжамал: Мен қарбызбын, қарбызбын,
Күннің көзін сүйемін
Ауырса, бауыр, бүйрегің
Көмегімді беремін
Нұрбек: Мен өрікпін, өрікпін
Табиғатқа көрікпін
Күз ханшайымы: - Бәрекелді, керемет!
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, біздің балалар қандай өнерлі, олай болса балалардың әдемі биін тамашалаңыз.
Би: «Кішкентай үйректер»
Ойын: «Гүлдерді құрастыр»
Тәрбиеші: Келді, міне алтын күз, сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен, таңдандырып халқын күз
Балалардың тақпақтарың қабыл алыңыздар!
Жаңыл: Күзім-ау, күзім-ау
Мінезің бұзық – ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық – ау
Айлин: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Т.Айсұлтан: Түсті алтын жапырақ
Ағаштан үзіліп
Ұшты ұзақ сапарға
Тырналар тізіліп
Аида: Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді
Аспанда жай шатырлап
Тамшы жерге секірді
Асылжан: О, алақай, тамаша,
Шашу шашады жапырақ
Бақтың іші алаша
Аунар ма еді жатып-ап
С.Айзере: Қыры толы егіске
Бағы толы жеміске
Елді сыйға кеңелтті
Қолы ашық періште
К. Айсұлтан Астық – дала сәулетті
Астық – отан Дәулеті
Тәрбиеші: Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік ойнайық
Ән: «Күз жомарт»
Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, мен басқа балабақша бүлдіршіңдеріңе баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын!
Тәрбиеші: Күз ханшайымының сыйы-жемістерден дәм тататын кез келген сияқты, тобымызға баруға жиналайық.
Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.
«Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып
Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айланып.»
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/265783-altyn-kz
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Содержание и методы обучения шахматам в дополнительном образовании детей»
- «Организация лагеря с дневным пребыванием детей на базе образовательного учреждения»
- «Подготовка к ЕГЭ по обществознанию в условиях реализации ФГОС: содержание экзамена и технологии работы с обучающимися»
- «Педагогические технологии и методы на занятиях по хореографии»
- «Экологическое воспитание в школе: содержание и методы организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Социальный педагог в ДОУ: содержание и методы работы с детьми дошкольного возраста»
- Теоретические и практические аспекты деятельности по реализации услуг (работ) в сфере молодежной политики
- Содержание деятельности по охране труда и обеспечению безопасности условий на рабочих местах
- Управление дошкольной образовательной организацией
- Теория и методика преподавания истории и обществознания
- Методика организации учебно-производственного процесса
- Педагогика и методика дошкольного образования

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.