Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).
Повышение квалификации

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
23.11.2017

Елбасы және Тәуелсіздік

Елбасымыз дәстүрлі Жолдауында «Мәңгілік ел» қағидасына айрықша көңіл бөлуі тегін емес. «Нұрлы жол» даму бағыты аясында жастардың болашаққа деген сенімін айқындап, қажырлы еңбек ете отырып, келешекті кемел ету жолында жастардың үлесі зор екендігін баса айтқан болатын. Болашақта тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, қарыштап дамуы үшін сапалы білімі, саналы тәрбиесі бар отансүйгіш жастар ғана бар белесті бағындырары хақ.

Содержимое разработки

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАЛДЫҚОРҒАН ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

Колледж әдіскері Колледж директорының

____________ Жанысбекова Г.А. тәрбие жұмысы

жөніндегі орынбасары

«_____»_________2015ж. _______ Дәрменова Қ.Т.

«_____»____________2015ж.

«Елбасы және Тәуелсіздік»

Жауапты оқытушылар: Байдилданова М.С.

Садуакасова М.А.

Абдулина Р.Р.

Өтілетін орны: Акт залы

Мерзімі:30.11.2015 жыл.

Уақыты:13.30

1-жүргізуші:

Армысыздар құрметті қонақтар, жиналған қауым, сайысқа қатысушы білімгерлер! Бүгінгі«Елбасы және Тәуелсіздік» атты білгірлер сайысымыз «1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні» аясында колледж бөлімдері арасында өткелі отыр.

2-жүргізуші:

2012 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаттары қолдауымен «1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні» жаңа мемлекеттік мейрамы ретінде бекітілген болатын.

1-жүргізуші:

Құрметті қонақтар,сайысқа қатысушы білімгерлер! «1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні» аясында өткізгелі отырған білгірлер сайысын ашық деп жариялаймыз.

РҚ Гимні

1-жүргізуші:

Елбасымыз дәстүрлі Жолдауында «Мәңгілік ел» қағидасына айрықша көңіл бөлуі тегін емес. «Нұрлы жол» даму бағыты аясында жастардың болашаққа деген сенімін айқындап, қажырлы еңбек ете отырып, келешекті кемел ету жолында жастардың үлесі зор екендігін баса айтқан болатын. Болашақта тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, қарыштап дамуы үшін сапалы білімі, саналы тәрбиесі бар отансүйгіш жастар ғана бар белесті бағындырары хақ. 

2-жүргізуші:

Осы мерекеге орай, бүгінгі турнирімізде білгірлеріміз Елбасының қаншалықты бізге танымал екендігін көрсетеді.

2-жүргізуші: Сайыстың өткізу тәртібі мен шарты

Сайысқа қатысушы топтарға ыңғайлы атмосфераны ұйымдастыру;

Тыныштық пен тәртіпті сақтау

Басқа топтардың сөзін бөлмеу және бір-біріне жақсы қарым-қатынаста болу;

Әр кезеңнің сәйкес ережелерін ұстану.

Турнирге қатысу үшін әр бөлім өз командасын ұсынады.

Команда құрамы: команда капитаның қосқанда 4 қатысушы. Команданың басқалардан ерекшеленетін өзгеше атауы, безендірілген таңбасы болуы қажет

1-жүргізуші:

Құрметті қауым Білгірлер сайысының кезеңдерімен таныстыра кетейік.

Ойын барысынан тыс таныстыру

Іріктеу кезеңдері:

І –кезең. «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында акция-

презентация (5мин)

ІІ – кезең. Сұрақ-жауап (Қазақстан тарихы жайлы, Елбасының

өмірбаяны жайлы)

Іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған командалар финалда бақ сынасады.

Финал:

ІІІ – кезең. Сурет галереясы – «Тарихи тұлғалар» (Қазақ халқының

қалыптасуына үлес қосқан қоғам қайраткерлері)

ІV- кезең. Полиглот(қазақ, орыс тілдерінде Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер білуі, мақал-мәтелдерді жалғастырып оқу)

.

2-жүргізуші:

Олай болса сайысқа қатысушы талантты да дарынды білімгерлерді қошеметпен ортаға шақырайық:

Жалпы білім бөлімі

Техникалық және кәсіптік білім бөлімі

Ақпараттық технологиялар және радиоэлетроника бөлімі

Дене тәрбиесі және спорт бөлімі

1-жүргізуші:Командалардың реттік номерін анықтау үшін топ басшыларын жеребе тартуға шақырамыз!

Бөлім атауы

Реттік саны

Жалпы білім бөлімі

Техникалық және кәсіптік білім бөлімі

Ақпараттық технологиялар және радиоэлетроника бөлімі

Дене тәрбиесі және спорт бөлімі

Анықталған номер бойынша үстелдерге отыруларыңызды сұраймыз.

2-жүргізуші:

Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл! - деп, бүгінгі сайыскерлеріміздің білімі мен біліктілігіне қара қылды қақ жарып әділ баға беретін Әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

________________________________________________________

________________________________________________________

________________________________________________________

1-жүргізуші:

Және де бүгінгі ойынымыздың барлық кезеңдерінің ұпай санын есептеп, қорытыңдысын жасаушы

2-жүргізуші:Олай болса, «Ойын барысынан тыс таныстыруымызды» бастайық. Бұл кезеңде топ басшысы команда атауы, эмблемасы және команда мүшелерімен таныстырады.

1-Жүргізуші: Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен

Уакыт деген зымырап, зулап жатыр

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен

2-жүргізуші:Турниріміздің бірінші кезеңі «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында акция-презентация (5мин), жоғары бал 5 ұпай.

1-Жүргізуші:Өз тобыбен және өз презентациясымен таныстыру үшін бірінші болып ____________________________________________тобы шақырылады.

2-жүргізуші:Өз тобыбен және өз презентациясымен таныстыру үшін екінші болып ____________________________________________тобы шақырылады

1-Жүргізуші:Өз тобыбен және өз презентациясымен таныстыру үшін үшінші болып ____________________________________________тобы шақырылады.

2-жүргізуші:Өз тобыбен және өз презентациясымен таныстыру үшін төртінші болып ____________________________________тобы шақырылады

2-жүргізуші:Турниріміздің екінші кезеңі «Сұрақ жауап» деп аталады. Бұл кезеңде әр топқа 30 секунд ішінде Елбасы және Тәуелсіздікке байланысты 7 сұрақ қойылады. Берілген әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

Сұрақтар:

1-жүргізуші:1-топқа қойылатын сұрақтар:

Н.Ә.Назарбаевтың анасы? (Әлжан)

Н.Ә.Назарбаевтың туылған жылы? (1940жылы 6 шілдеде)

Қазақстанда Халықаралық көрме Экспо қай жылы өтеді? (2017 жылы)

1960-69жж Елбасымыз Қандай Қызмет атқарды?(Қарағанды метталургия зауытында жұмыс істеді )

ҚР-сы президентінің жалпы халықтық сайлауы қай жылы өтті ?(1991 жылы 1-ші желтоқсанда тұңғыш рет.)

ЕлбасымызН.Ә. Назарбаев өз есімің немен байланыстыруды дұрыс санаған? (білім және ғылыммен)

ҚР Астанасы Алматы қаласынан Ақмола қаласына қай жылы көшірілді? (1994 ж 6 шілде)

2-жүргізуші:2-топқа қойылатын сұрақтар:

1. ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтің туған ауылы? (Шамалған)

2. Н.Ә.Назарбаевтың әжесі? (Мырзабала)

3. Н.Ә. Назарбаевтың жұмыс орны? (Ақорда)

4. 2002 жылы Елбасымыздың қандай кітабы жарық көрді? (Сындарлы он жыл)

5.13.Елбасының  бітірген  жоғарғы  оқу  орны?

(Қарағанды  политехникалық  институтының  «Қара  және түсті металл құйма өндірісі  бөліміне» түсіп, 3 жыл оқып, инженер-металлург дипломымен  бітіріп  шықты)

6. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Әскери ант туралы» Жарлығы қай жылы

шықты ( 1992ж 25-тамыз)

7. Елбасымыздын бастамасымен неше оқу орындары ашылды? (11)

1-жүргізуші: 3-топқа қойылатын сұрақтар:

1. ҚР үшін 16 желтоқсан қандай күн?(Тәуелсіздік күні)

2. Н.Ә.Назарбаевтың атын кім қойды ? (Әжесі  Мырзабала)

3. Н. Ә. Назарбаевтың қанша немересі және шөбересі бар? (7 немере,

2 шөбере)

4.Н.Ә.Назарбаевтың жоғары сыныпта жүргенде қызығып оқитын газеттері?

(Ленинская смена, Лениншіл жас)

5.«Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Н.Ә. Назарбаевтың

Жарлығы қай жылы шықты?(1991 жылдың 29 тамызында)  

6. Қазақстаның Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы ? (Н.Ә.Назарбаев)

7. 2006 жылы Елбасымыздың халыққа жолдауында қандай стратегиясы

белгіленген?(Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру

стратегиясы белгіленген)

2-жүргізуші: 4-топқа қойылатын сұрақтар:

1.Қай жылы Назарбаев Университетінің есігі алғашқы студенттерге ашылды?

(2010ж.)

2. Н.Ә. Назарбаев бала кезінде кім болуды армандады?(Геолог болуды)

3.Елбасымыздын «Еуразия жүрегінде» атты кітабы қай жылы жарық көрді?

(А., 2005 ж.).

4.Н.Ә. Назарбаевтың.әкесі – Әбіш қай жылы дүниеге келді? (1903жылы)

5.Н.Ә. Назарбаевтың үш қызының есімін атаңыз?(Дариға, Динара, Әлия.)

6.Н.Ә.Назарбаевтың жұбайы? (Сара Алпысқызы)

7.Н.Ә. Назарбаев қай жылы экономика ғылымдарының докторы лауазымына ие болды? (1993 ж.)

2-жүргізуші: Осымен іріктеу кезеңдері аяқталды. Сайысымыздың ережесі бойынша жоғары ұпай жинаған 3 команда финалға жолдама алып, бас жүлдеге таласады.

1-жүргізуші:Турниріміздің үшінші кезеңі «Сурет галереясы тарихи тұлғалар» деп аталады. Бұл кезеңіміздің ережесі бойынша слайдта көрсетілген атақты адамдардың суреттері бойынша олардың кім екендерін тауып айту. Әрбір командаға 4 слайдтан көрсетіледі. Әрбір берілген дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Егер топ сұраққа жауап бере алмаса, онда бірінші қол көтерген топ жауап беру мүмкіндігін алады.

Сурет галерясы тарихи тұлғалар «Бұл кім?»

1-ші топқа көрсетілетін слайд:

1 - Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан барысы» 2015 жылғы жеңімпазы

2 - Бағдат Әбілмәжінұлы Қарасаев –Талдықорған қаласының әкімі

3 - Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) — қазақтың ұлы күйші-композиторы. Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.

4 - Жәңгірұлы Тәуке хан (1626-1718)   Қазақ хандығының ханы

2-ші топқа көрсетілетін слайд:

5 - Серік Жұманғалиұлы Сәпиев (16 қараша, 1983 жыл, Абай қаласы, Қарағанды облысы) - боксшы, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері,

6 – Айдын Айымбетов - 27.07.1972, Алматыоблысы,Талдықорған қаласы, 

Өтенай ауылы) - Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы.

7 - Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (1902-1985) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері.

8 – Керей хан Кирай, Гирей (туған, өлген жылы белгісіз – 1473) – Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы.

3-ші топқа көрсетілетін слайд:

9 - Илья Ильин Александрович -  (24 мамыр 1988, Қызылорда) - Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстандық тұңғыш олимпиадаойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011) және Қазақстан чемпионы. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. 

10 - Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі.

11 - Жансүгіров Ілияс  ақын, қоғам қайраткері

12 - Абылай хан (Әбілмансұр) Уәлибақыұлы - 17711781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі

2-жүргізуші:Турниріміздің төртінші кезеңі Полиглот (қазақ және орыс тілдерінде Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер білуі, мақал-мәтелдерді жалғастырып оқу). Әр топқа бір қазақ және бір орыс тілінде мақал-мәтел жасырылады. Әрбір берілген дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Егер топ сұраққа жауап бере алмаса, келесі топтың жауап беруге құқысы бар.

1-жүргізуші:1-ші топқа арналған мақал мәтелдер:

1) Отаны бірдің жүрегі бір, 

..................................................(Жүрегі бірдің тілегі бір)

2)Где-то говорят золота навалом,

..................................................(но Родина лучше и без золота)

2-жүргізуші:2-ші топтың мақал мәтелдері:

1)Отан қадіріне жетпеген,

...................................................(Өз қадіріне жетпейді)

2)Нет земли лучше чем Родины,

..................................................(нет людей лучше чем на Родине)

1-жүргізуші:3-ші топтың мақал мәтелдері:

Отан үшін күрес - ...............(Ерге тиген үлес)

2) Все земли хороши,

...................................................(а своя -всех лучше)

2-жүргізуші: Соңымен, Талдықорған политехникалық колледжінде «1 – желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні» аясында өткен білгірлер турнирі өз мәресіне жетті. Жеңімпаздарды марапаттау үшін сахнаға әділқазы алқаларын шақырамыз.

1–жүргізуші:

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді

Білмегенінді білгенен үйреніп,

Үйренгеннен ештенен кетпейді.

деп Толе би атамыз айтқандай, бүгінгі білгірлер турниріне қатысқан білімгерлерге мың алғыс.

Бүгінгі«1 – желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні» аясында өткен білгірлер сайысы осымен аяқталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі ынтымағы жарасқан халқымыздың болашағы жарқын болсын, ағайын!

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/281731-elbasy-zhne-tuelsizdik

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки