- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
- «Особенности логопедической работы с детьми с СДВГ»
- «Психологическое сопровождение детей и подростков с СДВГ»
- «Дошкольник с СДВГ: особенности работы с гиперактивными детьми»
- «Специфика обучения и воспитания школьников с СДВГ»
- «Дети и подростки с СДВГ: особенности обучения, воспитания и психологической поддержки»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
2016-2017 оқу жылына арналған Әдістемелік-нұсқаулық хатпен таныстыру
Кіріспе
2016-2017 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарда меншік нысанына түрлері мен типтеріне қарамастан білім беру процесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына (бұдан әрі – Стандарт), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ) сәйкес ұйымдастырылады.
Стандартпен мектеп жасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптар айқындалған.
Жаңартылған Стандарт негізінде мектепке дейінгі білім беру саласындағы ғылым мен практиканың жетістіктері, отандық және шетелдік тәжірибелер ескеріліп, «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» үш білім беру бағдарламаларының орнына Бағдарлама әзірленді.
Әдістемелік ұсынымдар жаңартылған мазмұнды іске асырудың негізгі бағыттарын, мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдерін, Стандарт талаптарына сәйкес балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін жағдайлар жасауды, мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыруды, тәрбиешілердің педагогикалық шеберліктерін арттырудың негізгі тәсілдерін қарастырады.
Аталған ұсынымдар мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді және мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері, педагогтары мен мамандарына, сондай-ақ атааналар қауымдастығы үшін әдістемелік нұсқаулық болып табылады.
2016-2017 оқу жылына арналған Әдістемелік-нұсқаулық хаттың құрылымы:
Кіріспе
Жаңартылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары
Білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері
Стандарт талаптарына сәйкес балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау
Жаңартылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асыру Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында айқындалған міндеттерді орындауды талап етеді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасы жоғарыда аталған құжаттарда анықталған негізгі міндеттерді тиімді орындауды қамтамасыз етеді.
Бағдарламаның мақсаты: балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне, қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларын қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарын, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына негізделген сәйкес жалпыадамзаттық құндылықтарды, патриотизм мен төзімділікті тәрбиелеу.
Міндеттері:
баланың өмірін қорғау және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру;
мектепке дейінгі білім берудің сабақтастық және үздіксіз ұстанымдарын қамтамасыз ету;
балалардың дене, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативтік дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру;
әр жас топтарында бағдарлама материалының мазмұнын игеру бойынша мониторингті ұйымдастыру;
мектепке дейінгі ұйым мен отбасының өзара ықпалдастығы.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламасы:
мектепке дейінгі жастағы балалардың денесін және психологиялық саулығын нығайтуға, оларды салауатты өмір салтының құндылықтарына
баулуға;
баланы тұлғалық және әлеуметтік, зияткерлік дамытуда тәрбие мен оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдануға;
балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық, оқыту міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етуге;
мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қауымдастығының қажеттілігін қанағаттандыруға ықпал етеді.
Бағдарламасының мазмұны барлық жас топтарын қамтиды:
1) Бөбек жасы – 1 жастан 3 жасқа дейін: ерте жас тобы – 1 жастан 2 жасқа дейін (ерте жастағы топ); кіші жас – 2 жастан 3 жасқа дейін (бірінші кіші топ); 2) Мектепке дейінгі жас – 3 жастан 6 (7) жасқа дейін жас; мектепке дейінгі кіші жас – 3 жастан 4 жасқа дейін (екінші кіші топ); мектепке дейінгі орта жас – 4 жастан 5 жасқа дейін (ортаңғы топ); мектепке дейінгі ересек жас ─ 5 жастан 6 (7) жасқа дейін (5 жастан 6 жасқа дейін ─ мектепке дейінгі ұйымдағы ересектер тобы, 6 жастан 7 жасқа дейін ─ жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы).
Бағдарлама балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» бес білім беру саласы және білім беру салаларының мазмұнын кіріктіру арқылы іске асырылады.
Бағдарлама мазмұнын іске асыру жас ерекшелігі психологиясы мен мектепке дейінгі педагогика және білім беру салаларын кіріктіру негізінде жүзеге асырылады. Барлық білім беру салалары бір-бірімен байланысты: бала оқи отырып таниды; тани отырып не білгені туралы айтады; зерттеу және пайымдау барысында құрбыларымен бірлесіп әрекет етеді. Осылай білім беру салаларының өзара кірігуі және өзара байланысы балада қоршаған ортаның тұтас бейнесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
«Денсаулық» білім беру саласының мазмұны балалардың толыққанды денесі мен психикалық дамуына, ағзаларын шынықтыруға, негізгі қимылдарын дамытуға, баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, өзінің тіршілік әрекетінде қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға, салауатты өмір салтына баулуға жағдайлар жасауға бағытталған.
«Қатынас» білім беру саласы балалардың айналасындағы қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынастарының коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға, әлеуметте қарым-қатынас жасау үшін ауызекі сөйлеуді, диалогтік сөйлеуді дамытуға, сауат ашу негіздерін меңгертуге, қазақ және басқа халықтардың мәдениеті, дәстүрлері мен салттарын құрметтеуге тәрбиелеуге, мемлекеттік тілді білуге, басқа тілдерді үйретуге, көркем әдебиетке қызығушылыққа баулуға бағытталған.
«Таным» білім беру саласы балалардың коммуникативтік-танымдық қабілеттерін, математикалық және логикалық ойлауын қалыптастыруға, қоршаған ортаға қызығушылығын, шығармашылық қиялдауын,
интелектуалдық мәдениетін, табиғаттың тірі нысандарына эмпатия сезімін дамытуға бағытталған.
«Шығармашылық» білім беру саласы мектеп жасына дейінгі балаларда эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін, қиялдауын, қоршаған ортаны бақылауын және бейнелі қабылдауын қалыптастыруға, өзінің көркем түрде елестетулерін, жанашырлықтары, сезімдері мен ойлауын іске асыра білуге бағытталған.
«Әлеуметтік орта» білім беру саласының мазмұны балаларда қоғам туралы алғашқы түсініктерді меңгертуге және балаларды әлеуметтік қатынастар жүйесіне қосуға, жалпыадамзаттық нормалар мен ережелер негізінде тұлғаның әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға, қоршаған ортада, әлеуметтік мәдениет негіздеріне, эмоционалдық елгезектікке, өзін жағымды ұстау және жағымды қарым-қатынас жасау қабілеттілігіне бағытталған.
Осы бағдарлама бойынша басқа балалармен бірге даму мүмкіндігі шектеулі балалар да тең айналысады. Ондай балалар үшін балабақша мен топта баланың мүмкіндіктеріне сәйкес арнайы жағдайлар жасалады: пандустардың болуы, білім беру процесін сәйкесінше ұйымдастыру (жиһаздың өлшемдері, баланы отырғызу, жарық және т.б).
Түзету жұмыстары мүмкіндігі шектеулі баланың қажеттіліктерін ескеріп, білім беру процесін жеке және саралау арқылы жүргізіледі.
Білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері
Білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыру және балаларды мектепке дейінгі ұйымдарда сапалы тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету үшін келесі ұстанымдар және тәсілдер қарастырылуы қажет:
тәрбие мен оқытудың барлық қатысушылары – педагогтар, психологтар, ата-аналармен баланың тұлғасын қалыптастыру мен оның қабілеттерін дамытуда кешенді тәсіл;
балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оларды дамытуда әрекеттік
тәсіл;
баланың дамуы мен мектепке дейінгі ұйымның қызметінің деңгейлеріне (мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына мониторинг жүргізу үшін автоматтандыру жүйесі) мониторинг жүргізуде инновациялық тәсіл;
тәрбие мен оқыту мазмұны мен әдістерінің бірлігі, сабақтастығы,
үздіксіздігі;
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы білім беру процесін интерактивті құру.
Білім беру процесін іске асырудың инновациялық тәсілі мақсатында балалардың шығармашылық және интелектуалдық қабілеттерін арттыратын, эмоционалды-күштік саласын дамытатын, баланың танымдық қабілеттерін белсендіретін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа, заманауи технологиялары мен әдістері енгізіледі.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мазмұны мектеп жасына дейінгі балаларға арналған үйретуші және дамытушы бағдарламалардан тұратын ресурстары бар интерактивтік жабдықтан тұрады.
Аталған технологиялар электронды контент ресурстарымен дидактикалық үлестірме материалдарды үйлестіреді, бұл логиканың, ойлаудың, сенсорлық қабілеттердің дамуына мүмкіндік береді.
Инновациялық технологиялардың ерекшеліктері бір уақыттағы әрекет барысында бірнеше әрекеттің қатар жүргізілуінен тұрады:
мәтінді кәсіби дикторлардың айтуы;
мультимедиялық анимациялық материалдарды көрсету;
балалардың білім беру әрекетіне қатысуында.
Стандарт талаптарына сәйкес балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау
Стандарт талаптарын іске асыру үшін әрбір мектепке дейінгі ұйымда келесі талаптармен жағдайлар жасау қажет:
Психологиялық-педагогикалық жағдайларға талаптар:
ересектердің балаға құрметпен қарауы, балалардың жағымды өзін-өзі бағалауын, өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сенімділігін қолдау;
білім беру әрекетінде жұмыстың балалардың жас және жеке
ерекшеліктеріне сәйкес түрлері мен әдістерін қолдану;
мектепке дейінгі ұйымның барлық педагогтары, мамандары және атааналарының бірлескен әрекеті негізінде әрбір баланың қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне бағытталған білім беру әрекетін құру;
ересектердің балалардың бір-біріне жағымды, қайырымды қатынастарын, әртүрлі әрекет түрлерінде олардың өзара бірлескен әрекеттерін қолдауы;
дене және психикалық озбырлықтың барлық түрлерінен балаларды қорғау;
балалардың даму бұзылыстары мен әлеуметтік бейімделуін диагностикалау және түзету үшін қажетті жағдайларды жасау;
балаларды тәрбиелеуде, олардың денсаулықтарын қорғау мен нығайтуда ата-аналарды қолдау, ата-аналарды білім беру әрекетіне тарту; Педагогикалық процесті ұйымдастыруға талаптар:
мектепке дейінгі ұйымдарды мектепке дейінгі білімі бар педагог кадрлармен қамтамасыз ету;
педагог кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыру;
баланы тәрбиелеу мен дамыту соның ішінде инклюзивті білім беру мәселелерінде педагогтарға кеңес беру;
білім беру процесін ұйымдастыру, әдістемелік қамтамасыз ету.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне талаптар
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ең жоғарғы мүмкін көлемі мен ұзақтығын қамтамсыз ету;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың барлық жас деңгейлерінде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерге сәйкес болуы қажет;
әрбір жас кезеңдеріндегі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Үлгілік оқу жоспарларында белгіленген.
4. Заттық-кеңістік дамытушы ортаға талаптар
Заттық-кеңістік дамытушы орта толық мазмұнды, өзгермелі, көпатқарымды, вариативті, қолжетімді және қауіпсіз болуы керек.
Заттық-кеңістік дамытушы орта:
Бағдарламаның мазмұнын тиімді іске асыру үшін балаларды әрбір жас кезеңінің ерекшеліктеріне сәйкес заманауи дидактикалық материалдарды, жабдықтар мен мүккамалдарды қолданып дамыту мен тәрбиелеуге;
балалардың денсаулығын сақтау және нығайтуға;
балалардың дамуындағы жетіспеушіліктерді түзету, инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасауға;
әртүрлі білім беретін және дамытушы бағдарламаларды жүзеге асыруға;
балалардың ойын, танымдық, зерттеу, шығармашылық және қимылдық белсенділіктерін қамтамсыз етуге;
заттық-кеңістік ортада балалардың айналасындағы ересектермен және балалармен өзара бірлесіп әрекет етуде эмоционалды саулығына; - балалардың өз ойларын айта білуіне бағытталған.
Заттық-кеңістік дамытушы ортаны құру кезінде гендерлік тәсілді ескеру және ұлдар мен қыздарға тән заттар, ойыншықтар және материалдармен қамтамасыз ету.
Заттық-кеңістік дамытушы орта білім беру салаларын кіріктіру ұстанымдары ескеріліп құрылады. Бір білім саласына арналған материалдар мен жабдықтарды басқа білім беру салаларын жүзеге асыру кезінде де қолдану қажет. Жабдықтарды таңдау балалардың шығармашылық, психологиялық және дене дамуына барынша мүмкіндік беретін келесі әрекет түрлері үшін іске асырылады: ойын, танымдық-зерттеу, коммуникативтік, еңбек, көркем-музыкалық, көркем әдебиетті қабылдау және т.б.
Барлық мектепке дейінгі ұйымдар өзінің қызметінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 217 бұйрығымен бекiтiлген «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуобъектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын басшылыққа алады.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/286960-2016-2017-ou-zhylyna-arnalan-distemelik-n
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Особенности обучения предмету «Литература» в условиях реализации ФГОС ООО в соответствии с изменениями 2024 года»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Инклюзия в дополнительном образовании: специфика работы с детьми с интеллектуальными нарушениями»
- «Преподавание географии и экологии по ФГОС ООО и ФГОС СОО: содержание, методы и технологии»
- «Основные направления работы психолога в сфере образования»
- «ОГЭ по химии: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся в соответствии с ФГОС»
- Особенности обучения предмету «Труд (технология)»
- Педагогическое образование: теория и методика преподавания мировой художественной культуры
- Управление в социальной сфере: обеспечение эффективной деятельности организации социального обслуживания
- Педагогика дополнительного образования: теория и методика работы с детьми
- Методы и технологии преподавания английского языка в образовательной организации
- Педагогическое образование: теория и методика преподавания информатики

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.