- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Оказание первой помощи в образовательных учреждениях»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Дискалькулия: профилактика и коррекция нарушений в овладении счетными операциями у детей»
- «Основы сенсорной интеграции и возможности применения сенсорной комнаты в работе с детьми»
- «Применение элементов прикладного анализа поведения (ABA-терапии) в работе с детьми с РАС»
- «Фитнес-программы для детей: возрастная физиология и методика построения занятий»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Оушыларды ойлау аблеттерн дамыту шн ТРИЗ технологиясын пайдалану
МКҚК «Құрманғазы атындағы саз колледжі»
Қазақ тілімен әдебиеті пәні оқытушысы
Н. Ш. Кажимова
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту үшін ТРИЗ технологиясын пайдалану.
Кәсіптік білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат – бәсекеге қабілетті сапалы мамандар даярлау, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру екені бәрімізге аян. Бүгінгі таңда қай салада болсын, маманның кәсіби дайындығы мен бәсекелестікке бейімдігін, атап айтқанда, кәсіпқойлық пен құзіреттілігіне ерекше мән беріледі.Сондықтан кәсіби мамандар даярлау ісінде педагог-ұстаздарға жүктелетін міндеттер жеңіл емес. Педагогика ғылыми адамзатпен бірге дамып келе жатқан ежелгі ілім болса, ұстаз-оқытушы арнайы дайындығы бар, оқу-тәрбие ісімен кәсіби шұғылданатын тұлға. Осы жерде «кәсіби» деген сөзге баса назар аудару қажет. Себебі ұрпақ тәрбиесімен әркім-ақ: ата-ана, тәрбиеші, тәлімгер, тәжірибелі мамандар айналысады.Дегенмен, педагогика заңдылықтарынан туындайтын жоғары талаптарға сәйкес нені, қашан, қалай істеу керектігін, белгіленген стандарт талаптарына сәйкес жүктелген кәсіби парызын белгіленген мерзімде сапалы орындап шығу жолдарын тек қана кәсіпқой педагог біледі. «Мұғалім қандай болса, қоғамы да сондай болады» деген қағида сонау Сократ заманына қалыптасқан. Сондықтан педагогикалық қызмет аса жауапты да күрделі саланың бірі болып табылады. Оның басты міндеті қашанда оқыту, тәрбиелеу, дамыту үрдістерін тиімді басқарып, бағыт-бағдар беру болып қалады. Болашақ мамандарды оқыту-тәрбиелеу мен білім берудің сапасын арттыруда оқытушының кәсіби шеберлігінің алар орны ерекше. Әсіресе, қазақ тілі пән оқытушылары алдында үлкен міндет тұр. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер еді. Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылау тиіс. Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Сонда қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып , шын мәніндегімемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз», - деген еді.Елбасының сөздерін жүзеге асыру біздің қолымызда.
Кәсіптік оқытуды ұйымдастыруда оқытушылар мен оқушылардың ғылыми-зерттеужұмысы, пән олимпиадалары ерекше орын алады, себебі олар зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауды жете түсіне отырып, әрі алға қойылған мақсатты шешу үшін оқытушымен тығыз қарым-қатынаста болады. Өз жұмыстарын көркемдеуге не болмаса пәнді жете білуге көп көңіл бөледі, біліктіліктің тиімді түрлерін таңдайды. Инновациялық технологияларды пайдалану маған сабақтарда зерттеу ісін, ынта-ықыласты қалыптастыру жолында нәтиже береді:
Үлгермеушілердің болмауы;
Білім сапасының өсуі;
Оқушылардың ғылыми конференцияларға, олимпиадаларға белсенді қатысуы;
Пәнге деген қызығушылықтың артуы;
Қазіргі заманауи білім үшін зерттеу мен жобалау жұмысы жоғары бағаланатын құндылықтардың бірі. Зерттеу, қағиданы риясыз іздеу құралы түрінде, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту ретінде, оқыту процесінде маңызы өте жоғары. Бұл – шыншыл жасампаздарды тәрбиелейтін жолдың бірі, үздіксіз тереңдей беретін қозғалыс. Зерттеу жұмысының мүмкіндіктерін бағалай отырып, жоболау әдісі де, зерттеу әдісі де оқушылар мен жұмыс істегенде пайдалы екенін түсіне білу керек. Демек, мұндай жұмыстардыкәсіби білім беретін оқу орындарында да іске сыруға болады. Зерттеу жұмысы ең басынан бастап еркін, сыртқы қондырғылардан аулақ болуы қажет. Идеал түрінде, оны ең мықты болжамдар да шектемеуі қажет. Зерттеушілік іс-әрекетті, зерттемпаз мінез-құлық негізінде құрастырылатын және іздену белсенділігі құралдарының қолдануынан туындайтын, ерекше, интеллектуалды шығармашылық іс-әрекет ретінде қарастыру керек. Бұл іс-әрекет іздену арқылы табылған деректермен шектелмей, табылған нәтижені талдай отырып, оған баға беріп, соның негізінде ықтималды болжау жасап, одан әрі дамытады.
Зерттеушілік іс-әрекет нәтижелі болу үшін, онымен айналысатын субъекттезерттеушілік қабілеті болуы керек. Зерттеушілік қабілеттіотандық психология дәстүрі бойынша жеке тұлғаның бойындағы ерекшеліктері бойынша қарастыруға болады. Оны орындау үшін төмендегідей амал-тәсілдер керек екенін түсіну қажет.
Мәселенің түп-тамырын көре білу;
Бақылай білу;
Болжамдай білу;
Тәжірибелер өткізе білу;
Әр түсініктерге анықтама бере білу.
Қазақ тілі мен әдебиеті бойнша:
Ауызекі сөйлей білуі;
Өз ойын түсініктікті етіп жеткізе білуі;
Грамматикалық тапсырмаларды орындау қабілеті;
Білгірлік дағдыны дұрыс қолдана білу.
Зерттеу, негізінде, күнделікті қолданылыста – жаңа білімді алу құралы ретінде қабылданады.
Ғылыми-зерттеу ісінің басты айырмашылықтарына ең кемінде үш басты ерекшелік жатады:
біріншіден, ғылыми-зерттеуде белгісізді белгілі арқылы білуге деген құштарлық әрқашан орын алады;
екіншіден, өлшеуге келетін нәрсе міндетті түрде өлшенуі қажет;
үшіншіден, әрқашан белгілі жүйеде белгісіздің орнын көрсету қажет.
Демек, зерттеушілік оқыту оқушылардың ғылыми іздену біліктілігін дамытуға бағдарлайды.
Яғни, зерттеушілік іс-әрекет – оқушылардың табиғи құштарлығы негізінде өз білімін жетілдірудегі оқытудың ерекше құралы.
Зерттеу ісінің басты мақсаты – оқушшылар өздігінен адам мәдениетінің кез келген саласында жаңа әдіс-тәсілдерді шығармашылық тұрғыдан меңгеруге, қайта құруға бейімдеу.
Зерттеу – дүние танымалының бір түрі, жаңа білімді игеру және белгісізді іздеп табу процесі.
Зерттеу – әрқашан шығармашылық үстінде жүретін, қағиданы риясыз іздеудің нұсқасы. Егер зерттеудің нәтижесінде тәжірибиелі проблеманың түп нұсқасы табылмаса, оны тек қана жанама әсері деп қарастыру керек.
Оқушылардың арасында оқу-зерттеу жұмысы екі бағыт бойынша ұйымдастырылады:
Сабақ үстіндегі оқушылардың оқу-зерттеу іс-әрекеті;
Оқушылардың сабақтан тыс оқу-зерттеу іс-әрекеті, бұл біріншінің қисынды жалғасы болып табылады.
Зерттеу ісінің әртүрлі кезеңінде оқытушының рөлі әртүрлі.
Зерттеу іс-әрекетінің ұйымдастыру кезеңдері:
1-кезең. Диагностика. Зерттеу ісіне қабілеті бар оқушыларды айқындап, таңдап алу. Бұл кезеңде оқытушының рөлі өте жоғары, екеуінің арасында тығыз байланыс болуы керек.
2-кезең. Тақырыпты таңдау, мақсат қою. Оқытушының рөлі төмендейді, тек қана кеңесші ретінде қатысуы керек.
3-кезең. Жұмыс барысы. Оқушыға мүмкіндік бойынша дербестік беру қажет. Оқытушы – кеңесші.
4-кезең. Қорғау. Бұл кезеңде оқушы мен оқытушы теңқұқылы серіктес болу керек. Олар өздерінің тандаған жолдарын, сәтсіздіктерінің себептерін талдайды.
Оқу-зерттеу жұмысын ұйымдастырған кезінде оқытушыға келесі талаптарды сақтау керек:
Жеке тұлғаны құрметтеп сыйлау, абыройын көтеру;
Еркіндік, таңдау құқығын беру;
Жеке тұлғаны емес, оның іс-әрекеті мен қылықтарын бағалау;
Оқушылардың жеке тұлғалық, психикалық ерекшеліктерін ескеру.
Сабақ үстіндегі кез келген зерттеу ісі проблемалық жағдайсыз орындалмайды. Ондай жағдай көбінесе бастапқы мәліметтер бойынша шектеулі ақпарат арқылы бірнеше нұсқа шешімдері бар кезінде туындайды.
Зерттеу ісінде проблемалық жағдай керек пе? Оны қалай тудырады?
Жалпы ереже: ақпараттың арасындағы қайшылықтар, амал-тәсіл арасындағы қайшылықтар айқындалып, себеп-салдардың байланысы анықталады.
Демек, зерттеу, тақырыпты оқып үйрену ғана емес, ал оқушылардың келесі біліктіліктерін қалыптастыруға көмектесетін құрал:
Оқу-танымдық біліктілік;
Ақпараттық біліктілік;
Әлеуметтік-еңбек біліктілігі;
Коммуникативтік біліктілік;
Зерттеу ісінде проблемалық жағдайды қолдану, алдын ала оқушыларды тығырыққа әкелетінімізді түсіну керек. Шешімін табу үшін оқушыға ойлану, іздену, пікірін білдіру қажеттілігі туындайды. Шешімін тауып, қуанғанның нәтижесінде пәнге деген қызығушылық арта түседі.
Соңғы жылдары білім жүйесінде көптеген әдіс-тәсілдердер жиналды, соның ішінен әрбір оқытушы озіне сай келетінін таңдап, оны одан әрі дамытып, оқушылардың жеке тұлғалық сапасына, қабілеттілігіне бағдарлауға талпыну қажет.Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдердің тиімділігін, оқыту барысында көрінетін өзгерістерден байқауға болады. Оны оқушының біліктілігі мен іскерлік, дағдыларынан өтілетін тақырыпты меңгеруіне қарай білуге болады.
Сондықтан педагогикалық шеберлікті жетілдіре отырып, мен үнемі шығармашылық ізденіс үстіндемін. Өздігімен білімін жетілдіріп, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерделеймін. Сол себепті де мен сабақты ТРИЗ технологиясының элементтерін қолданамын.
ТРИЗ.(Теория Решения Изобретательских Задач) – Өнертапқыштық есепті шешу теориясы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы. ТРИЗ технологиясының басты бөліктері: проблемалық жағдайларды шешу алгоритмі, ақпараттық қор, шығармашылық ойлауды дамыту. ТРИЗ негізін 40 жылдардың соңында, 50 жылдардың аяғында ойлап тапқан және дамытқан инженер және өнертапқыш Генрих Саулович Альтшуллер. Сол кезден бері Альтшуллер және оның шәкірттері арқасында ТРИЗ тез дами бастады.Қазір бұл технология барлық әлемде танымал.
Бұл технологияда мынадай мәселелер қарастырылады:
Сараптау;
Диагностика және ұқсастыру;
Зерттеу;
Мәселені шешу;
Жобалау;
Болжау жасау.
Осы технологияны мен өз сабақтарымда былай қолданамын.
Шығармашылық қиялын дамыту: Бір-бірімен байланыссыз сөйлемдерді байланыстыру керек. Сабақта мәтінді де бірнеше бөлікке бөліп, бірінші сөйлем мен соңғы сөйлемді алып, ортасын байланыстыратындай сөйлемдерді өздері құрау керек.
Бүгін күн ерекше ыстық болып тұр....
Асқар жүмыстан кеш келді. Оқушылар осы екі сөйлемді бір бірімен мағынасы жағынан байланыстыру керек.Мысалы: Бүгін күн ерекше ыстық болып тұр. Желдеткіштер де қапырық ыстықтан құтқармайды. Асқар жасаған ескерткішін бүгін аяқтауға тырысып, аптапқа қарамастан жұмыс істеді. Сондықтан Асқар жұмыстан кеш келді.
Бұл тәсілді кез келген сабақта қолдануға болады, мен сабақты бекіту не қорытындылау кезінде пайдаланамын.
Ақпараттық қор қарастырады:
өнертапқыштық есепті шешу стандарттар жүйесі;
технологиялық эффекттер және оны қолдану кестесі;
Мен өтілген тарау бойынша ақын жазушылардың аты жөнін немесе туған жылын беремін, сол ббойынша оқушылар ақпарат жинап, өз түсінгендерін жеткізе айту керек. Мысалы: үш бәйтерек, қазақ зиялылары, репрессияға ұшырағандар.
Проблемалық жағдайларды шешу алгоритмі: Оқушыларға қатемен жазылған мәтін беріледі. Олар мәтінді өз бетімен тексеріп, қателерін табады. Мұндай жұмысты оқушылар үлкен ынтамен істейді. Осы жұмыс балаларға бөтен қателерді табуға үйретеді.Орфографиялық көргіштіктерін дамытады.
Тағы да төмендегідей тапсырмалар беруге болады. Сөйлемдерді біртұтас жазып, оларды дұрыс бөлу керек: Дәптермен жұмыс жүргіземіз.
Не болмаса, мағынасы бойынша дұрыс құрастырылмаған сөйлемдерді ұсынамын: Әке баласынан кіші. Мысық тышқаннан қорқады.
Осы сөйлемдерді оқушыларға дұрыс тұсіндіру қажет. Әке баласынан кіші бола алмайды. Мысық тышқаннан қорықпайды, ол тышқанды жейді.
Бұл тапсырмалар оқушының өз ойын толық жеткізіп, ойлау қабілетін дамытады.
Қорыта келгенде, кез-келген маман жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануда теориялық және практикалық даярлықты қалыптастырып, әрбір көрсеткіштерге қол жеткізгенде ғана, өз ісінің білікті маманы болатынына сенім білдіреміз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Тұрғынбаева.Б. Дамыта оқыту технологиясы. А 2008
Аманжолова К. К « Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің дамуы»
Таубаева Ш. Т., Лактионова С. Н. «Педагогическая инноватика как теория и практика навоведений в системе образование» Алматы Научно издательская цент «Ғылым» 2002ж
Байғазиева Г. «Жаңа пед технология» Қазақстан мектебі №9
Полянский В. С. «Теоретические основы психолого- педагогического сопровождение обучаемых». «Инновация в образовании» 2010 ж №10.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/45039-oushylardy-ojlau-abiletterin-damytu-shin-
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Организация образовательного процесса для обучающихся с расстройствами аутистического спектра по ФГОС»
- «Формирование и развитие УУД обучающихся в соответствии с ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Основные аспекты социальной работы с бездомными людьми»
- «Основы безопасности и защиты Родины: специфика предмета в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Технологии инклюзивного образования обучающихся с ОВЗ в условиях реализации ФГОС»
- «Обеспечение безопасности образовательной организации»
- Социальный координатор: социальная работа по сопровождению ветеранов боевых действий
- Основы дефектологии. Содержание и методы работы с обучающимися с ОВЗ
- Руководитель специальной (коррекционной) школы. Менеджмент в образовании
- История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации
- Управление специальной (коррекционной) образовательной организацией
- Особенности обучения предмету «Труд (технология)»

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.