Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
17.11.2014

Открытый урок на тему; Ыбырай Алтынсарин

Мешелова Роза Жарасбаевна
преподаватель русского языка и литературы
Открытый урок посвящен изучению жизни и творчества выдающегося казахского просветителя Ыбырая Алтынсарина. Материал включает биографию, основные педагогические идеи и литературное наследие. Рассчитан на знакомство детей с вкладом деятеля в развитие образования и культуры. В структуре урока предусмотрены интерактивные задания, вопросы для обсуждения и наглядные материалы для эффективного усвоения темы. Подходит для проведения занятий в детских образовательных учреждениях.

Содержимое разработки

САБАҚ ________

Урок №_________

Сабақтың тақырыбы

Тема урока Ы.Алтынсарин. Ақымақ.

Сабақтың максаты

Цели урока

1.Шолу

ОбразовательнаяЫ.Алтынсарин жайлы мәлімет беру, Жай сөйлем түрлеріне тоқталу.

2.Дамыту

Развивающая Өз беттерімен жазба жұмыстарын жазуға үйрету, ауызекі тілдерін дамыту;

3.Тәрбіелік

Воспитательная Ана тілін құрметтеуге, қазақ тілінде сөйлеуге талпындыру, таза сөйлеуге үйрету;

Тип урока

Сабақ түрі аралас сабақ

Оқыту әдісі

Метод обучения сұрақ–жауап, әңгімелеу, түсіндіру, талдау проблемалық жағдай.

Пән аралық байланыс

Межпредметная связь орыс тілі, қазақ әдебиеті

Корнекі құралдар

Оборудование

урокакесте, мәтін, карточкалар, презентациялар.

Оқушылар білуі керек / учащиеся должны знать

Ы.Алтынсаринның өмірбаянын, Ы.Алтынсаринның өлеңдерін, шығармаларын.

Оқушылар істей білуі керек / учашиеся должны уметь

_Жалғау түрлерін, антоним, омоним, синонимдерді, етістіктің шақтарын білу керек.

Сабақтың барысы

I Ұйымдастыру кезеңі:

А) Сәлемдесу

Ә) Топтың сабаққа әзірлігін тексеру.

Б) Кезекшімен сұхбат құру.

Суденттерді түгендеп сабаққа назарын аудару
II Үй тапсырмасы: Жалғау түрлерін жаттау, Абайдың өмірбаяны

III Жаңа сабақ

Ыбырай Алтынсарин

(1841-1889ж)

Ы.Алтынсарин 1841ж 20 қазанда қазiргi Қостанай облысының Затобол ауданында туған. Әкесi Алтынсары ерте қайтыс болып, Ыбырай атасы Балқожаның қолында өскен. Балқожа өз заманның атақты, беделдi адамдарының бiрi болған. Ол қазақ балаларын орысша оқыту арқылы олардың қазақ даласында патша демеулiктерiне көмекшi әкiмдер дайындау мақсатымен 1850 жылы Орынборда ашылған орыс-қазақ мектебiне немересi Ыбырайды оқуға бередi. Ыбырай мектептi жан-жақты пайдаланып ынтамен оқиды. Сөйтiп, 1857 жылы мектептi «Өте жақсы» деген бағамен бiтiрiп шығады. Содан кейiн екi жылдай Ыбырай өмiрiнде өзгерiс болады. Ол екi жыл тiлмаш болды. Қазақ қоғамының қайшылықты тұрмысын тереңiрек түсiнiп, оның болашағы жайлы ойлауда аз уақыт өмiрiнде Ыбырай едәуiр iз қалдырады.

1859 жылы Ыбырай Орынбордағы Шекаралық комиссияға тiлмаш болып ауысады. Бұл кезде ол шекаралық комиссияның төрағасы белгiлi шығыс зерттеушiсi ғалым, профессор В.В.Григорьевпен танысады. Атасы Балқожаны өте жақсы бiлетiн ол Ыбырайға аса iлтипатпен қарайды, өзiнiң бай кiтапханасымен пайдалануға мүмкiндiк бередi. Ыбырайдың боыйнда ағартушылыққа деген ынта туады. Сөйтiп, оның прогресшiл ой-пiкiр қалыптаса бастайды.1860 жылы Орал сыртындағы қазақтар үшiн (Троицк, Торғай, Ырғыс, Қазалы) бастауыш мектептер ашуды ұйғарған, ол өзi сұранып Торғай мектебiне оқытушы болады.

1876 жылдары ол Петербур, Қазан қалаларына барды. Орыстың ағартушылық жүйесiн орыс ағартушыларың еңбектерiн зерттейдi. Соларға елiктеп қазақ тiлiнде оқу құралдарын жасауды ойлайды. Оқулық жасау жұмысына Ыбырай мектепте қазақ балаларына бiлiм мен тәрбие берудiн ең негiзгi шараларының бiрi деп қарады. Сөйтiп, 1876 жылы қазақ хрестоматиясын жасауға кiрiстi.

“Қазақ хрестоматиясы”1879 жылы Орынборда басылды. Бұл кiтапты шығарғанда Ыбырай оқулықтың орыс-қазақ мектебiнде тәрбиелiнiп жүрген

балалардың оқу кiтабы болуын және жалпы қазақ халқының оқуына жарайтын кiтап болуын көздеген. Сол мақсатпен ”Қазақ хрестоматиясын” балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгiме – новеллалардан құрастырған. Олардың бiр қатарын өзi жазды, бiразын орыс тiлiнен еркiн аударған. Сонымен қатар кiтапқа қазақтың халық ауыз әдебиетiнiң үлгiлерiн iрiктеп кiргiздi. Бүкiл өмiрiн ағарту iсiне арнаған Ыбырай “Қазақ хрестоматиясына “ кiрген өлеңдерiнде халық ағарту идеясын кең көтердi. Сөйтiп, ел арасында кең жайылып, жатталып кететiн шығарма арқылы әсер етудi көздедi .

Оның “Кел, балалар оқылық!”, “Өнер –бiлiм бар жұрттар” өлеңдерi осындай мақсатта туды.”Кел, балалар, оқылық!” атты өлеңi жастарды бiлiмге оқуға шақыру үлгiсiнде жазылған.

Ыбырайдың “Өзен”,”Жаз” деген өлеңдерiнде табиғатқа деген сүйiспеншiлiк өте мол. Мұндай тұтас лирикалық, пейзаждық өлеңдер оған дейiн кездеспейтiн. Оқырмандардың көңiлiн табиғаттың сұлу көрiнiстерiне аудару арқылы ел сүю, жер сүю, Отан сүюге тәрбиелейтiн патриоттық өлеңдер орыстың демократтық, гуманистiк әдебиетiнiң үлгiсi болатын . Еңбектi сүю және қадiрлеу –Ыбырай әнгiмелерiнiң негiзгi тақырыбы. “Өрмекшi, құмырсқа, қарлығаш “ әңгiмесiнде осы жәндiктердi балаларға үлгi етедi. “Атымтай Жомарт “әңгiмесiнде Атымтайды еңбек адамының үлгiсi етiп көрсетедi. Елдi отырықшылыққа , егiншiлiкке үгiттеу -“ҚыпшақСейтқұл” әңгiмесiнiң негiзгi түйiнi.Оның iс-әрекетi арқылы жазушы өмiрге жаңаша талап жасап, тiршiлiктiң пайдасы түрiне көшуге ұмтылған адамның бейнесiн жасайды. Сонымен, Ыбырай шығарамалары –халқы үшiн өте құнды.

ІV Тапсырмалар:

Ыбырай Алтынсарин қайда туды?

Оның әкесi қашан қайтыс болды?

Оны кiм тәрбиеледi?

Ыбырай қандай мектептi оқып бiтiрген?

Мектептi бiтiрген соң кiм болып iстейдi?

Балалар үшiн не ашты?

Ыбырай барлық еңбегiн неге жұмсады?

Ыбырайды кiм жоғары бағалайды?

Алтынсаринның есiмiнен не аталады?

Ыбырай Алтынсарин өз халқын неге шақырды?

Ыбырай Алтынсарин кiм?

12. Бiздiң жерлесiмiз ретiнде Ыбырай туралы әңгiме құрыңыз.

13. Қостанай жерiнде Ыбырайды қалай бағалайды?

V.Жаттығулармен жұмыс

1. Төмендегі сөйлемдерді көшіріп жазып, бастауыш пен баяндауыштың астын сызыңдар 104 бет, 9 тапсырма

2. Антоним сөздерді аударыңдар, 104 бет, 11 тапсырма

3. Мақал-мәтелдерді жаттап алыңдар, 104 бет

V. Сабақты бекіту: Сұрақ-жауап әдісі арқылы бекітемін

Оқушылардың еңбегін бағалау.

VI Үйге тапсырма беру.Ы.Алтынсариннің бір өлеңін жаттау

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки