Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).
×

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
08.10.2018

Конспект занятия по окружающему миру: Воспитание уважения и заботы в семье

отбасы сүйіспеншілігі сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру;
- отбасындағы өзара сыйластық қарым -қатынас дағдыларын дамыту;
- отбасындағы үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу

Содержимое разработки

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Топ : ортаңғы

Білім беру салалары:«Таным», «Шығармашылық»

Бөлімдер : «Қоршаған ортамен таныстыру»

Тақырыбы : «Менің сүйікті отбасым»

Мақсаты :- отбасы сүйіспеншілігі сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру;

- отбасындағы өзара сыйластық қарым -қатынас дағдыларын дамыту;

- отбасындағы үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Отбасы суреті, үй, дидактикалық материалдар.

Сөздік жұмыс: Отбасы мүшелері, менің жақындарым, туыстарым, менің үйім.

Билингвалдық компонент: Менің сүйікті үйім - мой любимый дом, отбасы – семья

Іс –әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс –әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Бақыт - біздің сиқырлы шеңберіміз!
Бақыт - біздің достарға сенгеніміз!
Бақыт - біздің жарқын болашағымыз!
Бақыт біздің тату - тәті отбасымыз!
Бақыт біздің бала бақшаға келгеніміз!
- Балалар тыңдаңдаршы бұл не қылған дыбыс?

- Жақындап қарайықшы.

- Қараңдаршы тауық пен әтештің нелері пайда болды?

- Балапандар қайдан шығып жатыр?

- Енді оларды қалай айтуға болады?

Балалар өлең жолдарын айтып, сәйкес қимыл-қозғалыстарды орындайды

Балалар тыңдайды.

-Бұл тауық пен әтештің дыбыстары.

- Олардың балапандары пайда болды.

- Балапандар жұмыртқаны жарып шығып жатыр.

- Оларды бір отбасы деп айтуға болады.

Іздену-

Ұйымдастырушы

-Отбасы дегеніміз не?

- Отбасы орысша қалай айтады?

- Дұрыс айтасыңдар, әр кімнің өзінің отбасы болады.

- Отбасында кімдер тұрады?

- Отбасы мүшелерін орысша атап айтайықшы.

- Ағылшынша айтайық.

- Отбасы мүшелері туралы білетін тақпақтарыңды айтыңдаршы.

- Балалар, сендер ата-аналарыңмен біргефотокөрме ұйымдастырған болатынсыңдар.

- Біздің қонақтар сендердің отбасыларың туралы білгісі келеді, сондықтан таныстырып кетейік.

- Рахмет балалар, сендердің отбасыларыңмен де таныстық.

Сергіту сәті: (саусақ гимнастикасы)
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел, ойнайық екеуміз:
Бас бармағым - папам,
Балаң үйрек - апам, 
Ортан терек - ағам,
Шылдыр шүмек - мен, 
Титтей бөбек - сен.
Бір үйде біз нешеуміз? 
Бір үйде біз бесеуміз!

- Балалар сендер отбасымды жақсы көреміз деп айттыңдар, ал сендер оларға көмектесесіңдер ме?

-Ендеше қазір тексеріп көреміз. Мен сендерді «Мейірімді істер» атты ойынға шақырамын.

- Балалар менің қолымда әдемі себет бар осы себетке мейірімді істерді жинаймыз.

Ол үшін мынатүрлі-түсті гүлдерді алып үйде ата - аналарыңа қандай көмек көрсететіндеріңді айта отырып гүлді себетке салу керек.

- Жақсы балалар, қараңдаршы біздің себетіміз мейірімді істерге толды.

- Балалар бізге Камиланың анасы мен Айшаның анасы келіп отыр тыңдайық.

- Құрметті аналар, біздің балалар жаңа ғана өздерінің отбасы және отбасына қандай көмек көрсететіні жайлы айтып берді. Енді сіздер өз балаларыңыз жайлы айтып берсеңіздер.

(Ата- аналар өз балалары жайында айтып береді)

-Балалар ағылшын тілінде өлеңді есімізге түсірейік.

-With my foot I tap, tap, tap.

With my hands I clap, clap, clap.

Right foot first, left foot than. Round, around and back again.

- Балалар ал осы тұрған бәрімізді бір отбасы деп айтуға болады ма? Неге?

- Бір үйде, бір пәтерде тұратын адамдар.

- Отбасы дегеніміз жақын адамдар, үйдегілер.

- Отбасы – семья.

- Отбасында ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні, қарындас тұрады

- Мама, папа, бабушка, дедушка, сестра, брат.

- mother, father, grandfather, grandmother, sister, brother.

Балалар отбасы, отбасы мүшелері туралы тақпақтар айтады.

-Анашымды сағынам,
Оған ешкім жетпейді.
Анасының жанынан, 
Бөбегі де кетпейді.

- Әр күн сайын,
Маған дәйім.
Қамқор болдың,
Әкетайым!
(Балаларфотосуретте кім бейнеленгенін айтып түсіндіреді.)

- Мынау менің әкем, мынау анам және мен, біз бұл суретке отбасымызбен саябақта түскен едік.

- Мына суреттегі менің отбасым, атам, әжем, әкем, анам, ағам және мен. Менің отбасым үлкен.

- Мынау- менің отбасым.

Танысыңдар, достарым.

Мынау- әкем, бұл шешем,

Інім, әпкем және мен.

- Мен отбасымды жақсы көремін. т.б

( балалар саусақтарын, жұдырықтарын ашып сөздерді айта отырып көрсетеді)

- Ия, көмектесеміз.

Балалар ойынға тұра қалады.

Балалар әдемі гүлдерді бір-бірден алып:

- Мен ыдыс жуамын.

- Мен үй жинаймын.

- Ойыншықтарымды жинаймын.

-Ұйқыдан тұрған соң төсегімді жинаймын.

- Үйдегі гүлдерді суарамын.

- Щаңсорғышпен шаң сорамын. т.б айтып салады.

Балалар аналарын тыңдайды.

Балалар ағылшын тілінде өлеңді айтып, қимылмен көрсетеді.

- Ия бір отбасы деп айтуға болады.

-Өйткені біз бір балабақшаға келеміз.

- Бір топқа келеміз.

- Бірге ойнаймыз.

- Бірге тамақ ішеміз.

- Бірге өлең айтып билейміз.

Рефлексивті коррекциялаушы

- Ендеше мен сендерді бір отбасы ретінде коллаж жасауды ұсынамын.

- Балалар қараңдаршы істеген коллажымыз қалай болды?

- Несімен ұнады?

-Енді осы коллажды қабырғаға іліп қояйық.

- Балалар, «Менің отбасым» деген өлеңін айтайықшы.

Атамнан басталар,

Әжеммен қосталар

Отбасым мыналар:

Ең жақын адамдар

Әкем мен анам бар,

Бір туған ағам бар,

Бір туған апам бар...

Бәрін жақсы көремін,

Еркелеймін еремін.

-Жарайсыңдар балалар, келген қонақтармен қоштасайық.

Балалар коллаж жасайды. Өздерінің фотосуреттерін жапсырады.

Коллаждың қалай шыққандығын әңгімелейді.

- Коллаж өте әдемі шықты.

- Маған ойыншықтар ұнады.

Коллажды қабырғаға іліп қояды.

Балалар өлеңді айтып, қимылмен көрсетеді.

Балалар келген қонақтармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:.

Жасай біледі: Өз отбасылары туралы әңгімелеп айтуды;

Түсінеді : Отбасындағы үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болу керектігін;

Қолданады : Отбасы мүшелері туралы тақпақ, өлең айтуды;

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Топ : Даярлық

Білім беру салалары: «Әлеумет», «Шығармашылық»

Бөлімдер : Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы : «Менің сүйікті үйім»

Мақсаты : Жүйелі сөзді дамыту. Рухани қағидаларға сәйкес мектепке дейінгі балалардың жеке қарым – қатынастарын қалыптастыру.Отбасы, балабақша, қала туралы білімдерін жүйелеу. Ұжымдық қатынастан жағымды әсерлер қалыптастыру.

Сөздік жұмыс: менің үйім, ғимараттар, ескерткіштер, бірнеше қабатты үйлер.

Билингвалдық компонент: Менің сүйікті үйім-мой любимый дом, ғимараттар – здания, отбасы – семья.

Іс –әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс –әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын кең аспан!

Бір шаңырақ астында,

Тату – тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Тәрбиеші: - Балалар, енді менің жұмбағымның шешуін тауып көріңдер.

Жұмбақ жасыру:

Біз бұл үйдің есігін

Сәби болып ашқанбыз

Балапандай мәпелеп

Өсіреді бақшамыз

Бұл екінші үйіміз

Бір туғанбыз бәріміз

Біз осы үйдің гүліміз

Біз осы үйдің сәніміз.

- Таптыңдар ма, балалар, бұл не қылған үй?

-Жарайсыңдар, енді мен сендерді «Бөбектер» әнін орындауға шақырамын.

Балалар өлең жолдарын айтып, сәйкес қимыл-қозғалыстарды орындайды

Балалар жұмбақты тыңдайды.

- Бұл балабақша

Балалар өлеңді орындап айтады.

Іздену-

ұйымдастырушы

- Балабақша – балалар, сендердің екінші үйлерің болып саналады. Ал бірінші ол әрине сендердің туған үйлерің. Әр адамның өзінің сүйікті үйі болады.

- Балалар сонда үй дегеніміз не?

- Үй адамға не үшін керек?

- Сендердің үйлеріңдегі ең жақсы көретін орын бар ма, болса қандай?

- Жақсы, ендеше мына слайдқа назар аударайық.

(әр түрлі үйлерді слайдтан көрсету )

- Көрдіңдер ме, балалар, үйлер әр түрлі болады екен.

- Ал енді сендер бізге, өз үйлерің туралы айтып беріңдерші?

- Жақсы, олай болса бейнетаспаға назар аударайық.

(бейнатаспа жүргізіледі)

- Жарайсың, Әділ рахмет саған!

- Балалар отбасы дегеніміз не?

- Дұрыс айтасыңдар, тағы да отбасы қандай болады?

- Балалар,отбасы туралы білетін тақпақтарыңды айтып беріңдерші.

- Әр отбасында өздерінің салт дәстүрлері, немесе отбасылық мерекелер болады. Ол туралы бізге ата – аналар айтып береді.

(Ата – аналар шығып, өздерінің отбасыларындағы салт-дәстүрлер мерекелер, жайлы әңгімелейді.)

- Балалар айтыңдаршы, қай кезде сендерге үйлеріңе қонақтар келеді?

- Ал осы мерекелерге қонақтарды сендер қалай шақырасыңдар?

- Жақсы, енді сол мерекеге қалай дайындаласыңдар? Үйдегі үлкендер не істейді? Үйді қалай безендіресіңдер? Оны біз үш топқа, яғни отбасына бөлініп орындайтын боласыңдар.

- Енді сендерге тапсырма, мерекеге үйді безендіру, дайындалу керек.

- Жарайсыңдар, үш отбасы да мерекеге жақсы дайындалыпты. Келесі тапсырма мерекеге келген қонақтардың көңілдерін қалай көтересіңдер?

- Олай болса жұмбақтан бастайық. Екі топ бір – біріне кезекпен үй, жиһаздар туралы жұмбақтар жасырыңдар.

- Жарайсыңдар, келесі мақал - мәтелдер сайысы.

- Мен сендерге тосын сый дайындадым. Оны мына слайдттан қарап тамашалайық.

( әр түрлі ғимараттар туралы слайд көрсету.)

- Бұл не қылған ғимараттар?

- Мында кімдер тұрады?

- Дұрыс айтасыңдар, балалар, біздің қалада үйлерден басқа ғимараттар да бар.

-Жарайсыңдар, менің сендерге дайындаған тапсырмам бар.

«Үйді жиһазға толтыр» деп аталады. Шарты: мына үйлердегі бөлмелерге жиһаздардың бәрін орынды орнына орналастырып, қойып шығу керек.

-Қандай керемет, екі топ та өздерінің үйлерін жиһазға толтырып, тапсырманы жақсы орындады.

-Жақсы, ендеше мен сендерді мерекеде ойналатын ойындарды ойнауға шақырамын.

Бұл ойындарға үшінші топ ата –аналарымызды шақырайық.

1.Ойын «Кім шапшаң?» деп аталады. Шарты: Балалар мен ата - аналар үш қатарға тұра қалып, мына пластика стақандардың көмегімен үлкен әрі әдемі пирамида құрастыру керек.

2.Ойын «Сақина тастамақ» деп аталады. Шарты: Қатысушылар бірінің артынан бірі тұрып, сақинаны нысанаға лақтырып кигізу керек. Әр қатарда тұрған барлық ойыншылар қатысады. Соңында әр қатардағы нысанаға түскен сақиналар саны саналады.

3. Ойын «Шарды құлатып алма» деп аталады. Шарты: Қатысушылар қатарға тұрып, бірінен соң бірі табақтағы шарды құлатып алмай, қағып отырып, кеглиден айналып өтіп, басқа ойыншыға береді. Қатарда тұрған барлық ойыншылар ойнау керек.

4. Ойын «Допты түсіріп алма» деп аталады. Шарты: Қатысушылар бірінен соң бірі тұрып, допты екі қолмен бастың үстінен беріп отыру. Ойын ең бірінші тұрған қатысушы қайтып бірінші тұрмайынша жалғаса береді.

5. Ойын «Тезірек жіпті ора» деп аталады. Шарты: 3-5 м ұзындықтағы жіпті екі жақта екі бала тұрып, ортасындағы берілген белгіге дейін тез, әрі дұрыс, таяқшаларға орау керек.

-Үй дегеніміз адамдардың тұратын орны.

- Үй адамдарға отбасымен тұру үшін қажет.

- Үй маған, әке – шешеммен, ата - әжеммен тұру үшін керек.

- Мен өз бөлмемді ұнатамын, өйткені мен онда ойнаймын, көп уақытымды өткіземін.

- Маған қонақ бөлмесі ұнайды, өйткені онда теледидар тұр, мен одан мультфильмдер көремін, тағы компьютер бар, мен одан ойындар ойнаймын.

- Мен отбасыммен көпқабатты үйдің 5-ші қабатында тұрамын Біздің пәтер 2-і бөлмелі. Өте әдемі.

- Мен ата – анаммен, ағаммен жер үйде тұрамын. Үйіміз төрт бөлмеден тұрады. Үйдің жанында үлкен бақша бар. Онда біз көкөністермен жемістер егеміз.

- Мен көпқабатты үйдің 4-ші қабатында,26 пәтерде тұрамын.

- Мен өз үйім туралы бейнетаспадан көрсеткім келеді

Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы.

- Отбасы дегеніміз – ол бірге тұратын адамдар - атам, әжем, әкем, анам, інім және мен.

- Отбасы ол менің ата - анам және менің бауырларым.

- Отбасы мүшелері әрдайым бір –бірін сүйіспеншілікке бөлеп қана қоймай, ренжісе бірге ренжіп, қуанса бірге қуанады.

Балалар отбасы мүшелері туралы тақпақтар айтады.

Балалар тыңдап отырады.

- Қонақтар, егер біреудің туған күні болса келеді.

- Қонақтар, мереке болғанда құттықтап келеді.

- Ашықхат жазып жібереміз.

- Қонақтарды телефон шалып шақырамыз.

(балалармен ата –аналар үш топқа бөлініп отырады)

(әр топ өздерінің үйлерін шарлармен, гүлдермен, плакатпен безендіреді.)

- Бізге қонақтар келгенде, ойындар ойнаймыз, би билейміз, ән айтамыз.

- Ерте тұрдым,Қуаты ыссы керемет, 
Алып ұрдым. (Есік) -Үйге лебін жаяды. (Пеш) 

-Дәмді дәмді тағамдарды жинайды, қонақтарды көңілдене сыйлайды. (дастархан)

- Жайлаған дүниені бір ғажайып, тік көтеріп отырар адамдарды. (Орындық)

-Үй баласымен базарлы, Туған үйдің түтіні жылы,

Қонағымен ажарлы. Туған ананың күтімі жылы.

-Үйің үй-ақ екен, Ішінде ойнайтын баласы болса.

- Туған үйдің түтіні жылы, Туған ананың күтімі жылы.

- Бұл ғимараттарда ешкім де тұрмайды, өйткені мұнда адамдар жұмыс істейді.

- Бұл ғимараттарда біздің ата – аналарымыз жұмыс істейді.

Екі топтың балалары үйлерді жиһаздарға толтырады.

(музыкы әуенімен,балалар тақтадағы жиһаздарды, заттарды орындарына қойып, қалыпқа келтіреді)

Екі топ балалар мен бір топ ата-аналар болып үш топқа бөлініп тұра қалады.

Үш топ тапсырмаларды орындап, ойынға белсене қатысады.

Балалар мен ата – аналар тапсырмаларды қызығушылықпен, көңілді орындап шығады.

Рефлексивті коррекциялаушы

- Тағы үйге қонақтар келгенде би билейміз, олай болса балалардың биін тамашалаңыздар.

- Жақсы балалар, екі топтағы отбасылар бірдей мықты екенсіңдер, достық деген осындай болар. Ендеше достық туралы бәріміз қосылып ән айтып берейік.

«Достық жыры» әні.

(Балалармен ата – аналар музыка ырғағымен залдан шығып кетеді.)

Балалар «Балалық шақ» биін билейді.

Балалар «Достық жыры» әнін орындайды.

Күтілетін нәтиже:.

Жасай біледі:Өздерінің тұратын үйлері,пәтерлері жайлы әңгімелеп айтуды;

Түсінеді: Үйлерден басқа қалада ғимараттар бар екендігін; үй жиһаздарының атауларымен пайдасын;

Қолданады:Үй жиһаздары мен мүліктері туралы жұмбақ, мақал – мәтел айтуды;

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/325691-moja-semja

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки