Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).
Повышение квалификации

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
19.04.2022

Шығармашылық

Жыл мезгілі туралы; апта күні туралы сұрақтар қою.
Бұрынғы кезде біздің ата - бабаларымыз киіз үйде өмір сүрген. Сол киіз үйдің ішінде қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарын ұстаған. Қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарына сандық, көрпе, жастық, киіз, торсық,; киім-кешектерге - кимешек, кажекей, мәсі, сырмақ жатады.
Қазақтың қай ұлттық бұйымы болмасын, ою - өрнексіз болмаған. Бүгін біздер ою - өрнектің «Қошқар мүйіз» деген түрімен танысамыз.
«қошқар мүйіз» - ата бабаларымыздың отар - отар қойы болсын деген арман тілегін, молшылықты білдіреді

Содержимое разработки

28 Ұйымдастырылған оқу қызметі жоспарының

Педагогтыңаты-жөні

Ахметова А.С

Күні

28.03.22 ж.

Тобы

№ 1 кіші топ

Білім беру саласы

«Шығармашылық»

Бөлім

Сурет салу

Тақырыбы

«Қуыршақтың көрпесіндегі өрнек».

Мақсаты

Сурет салу техникасын жетілдіру

Сөздік жұмыс

көрпе

Көптілді компонент

куыршақ-кукла

Ресурстар

Демонстрациялық материалдар, қуыршақ Айсұлу,оның әдемі көрпесіндегі үлгілері,түрлі бояулар, қол сүрткіштер,су

Барысы

ҰОҚкезеңдері

Педагогтыңәрекеті

Тәрбиеленушініңәрекеті

Кіріспе бөлім

Амандасу
Армысың шұғылалы алтын күн!
Армысың мейірімді жер ана!
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Бәріміз күндей жарқырайық!
Бәріміз тату дос болайық!

Өлең шумақтарындағы қимылдарды айта

отырып. жасайды

Негізгібөлім

Жыл мезгілі туралы; апта күні туралы сұрақтар қою.
Бұрынғы кезде біздің ата - бабаларымыз киіз үйде өмір сүрген. Сол киіз үйдің ішінде қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарын ұстаған. Қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарына сандық, көрпе, жастық, киіз, торсық,; киім-кешектерге - кимешек, кажекей, мәсі, сырмақ жатады.
Қазақтың қай ұлттық бұйымы болмасын, ою - өрнексіз болмаған. Бүгін біздер ою - өрнектің «Қошқар мүйіз» деген түрімен танысамыз.
«қошқар мүйіз» - ата бабаларымыздың отар - отар қойы болсын деген арман тілегін, молшылықты білдіреді.

Тақпақ жаттату:
Қазақта бір ою бар -«Қошқар мүйіз»
Орын алар тұрағы, көрпе - киіз.
Шеберлер осы өрнекпен сәндегенде
Көз тартып құбылады оюымыз.
Қызықты сәт:
Киіз үйде тұратын Әженің үйіне қонаққа бару.
Әженің тапсырмасы:

Жұмбақ.
Кіруге адам батпайды
Затыңды аман сақтайды.(сандық)
Текшелеп төрге
Жиғаным не? (көрпе, жастық)
Тәрбиеші:
Балалар! Қараңдаршы, әжеміздің киім-кешектеріне, жиһаздарына не жетіспейді?

Балалар: Ою - өрнектер.
Тәрбиеші: Олай болса әженің киім-кешектері мен жиһаздарына ою - өрнектермен безендіріп берейік.
Біздер бүгін әдеттегідей бояумен немесе түрлі - түсті қарындаштармен салмаймыз.
Бүгін біз бояумен саламыз саусақтарымызбен саламыз
Тәрбиеші алдымен өзі үлгі ретінде көрсетеді.

Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық
Қылқаламды қояйық
Қолымызды созайық
Оңға қарай иіліп,
Белімізді жазайық.
Айналаға қарайық
Отырайық, тұрайық
Бір тынығып алайық.
Тынығып біз болған соң
Әсем сурет салайық

Балалар түрлі - түсті қағаздан қиылған киімдер мен жиһаздарға ою салып болған соң, әжеге сыйға тарту етеді.
Қимылдық ойын: «Тақия тастамақ»

Балалар тәрбиешінің көрсетуімен, саусақтарын пайдаланып көрпесін безендіреді.

Әр түске матырған сайын саусақтарын

сүртіп отырады.

Балалар өздері таңдап алған түстер жайлы әңгімелейді.

Тақпақты жаттайды

Қайталайды

Балалар ойын ойнайды

Қорытындыбөлім

сұрақтар қою, тақпақты қайталау.

Балаларды мадақтау.

Тексерді:

Ескерту:

Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар:

85 Ұйымдастырылған оқу қызметі жоспарының

Педагогтыңаты-жөні

Ахметова А.С

Күні

28.03.22 ж.

Тобы

№ 1 кіші топ

Білім беру саласы

«Денсаулық»

Бөлім

Дене шынықтыру

Тақырыбы

Тоқтап жүгіру және тапсыр-маларды орындап жүгіру(отыру).Төрттағандап алақаны мен тізесіне сүйеніп, тура бағытта 6 метр арақашықтықта еңбектеу. Қос аяқтап секіру (аяқтары бірге аяқтары алшақ)

Мақсаты

Тапсырмаларды орындап жүгіру дағдылардың қалыптасуы, еңбектеу дағдыларын жетілдіру

Сөздік жұмыс

жүгіру

Көптілді компонент

жаттығу-упражнение, бір-бірден-по-одному;

Ресурстар

саптізбектен шығып

кетпей бір бағытты сақтай отырып, саптізбекте жүре білуді бекіту.

Барысы

ҰОҚкезеңдері

Педагогтыңәрекеті

Тәрбиеленушініңәрекеті

Кіріспе бөлім

Ойнауды, жүгіруді және жүруді үйрену үшін, денсаулық алаңына баруды ұсынады

(мақсат қою).

Денешынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қызығушылық тудыру үшін, спорт залының құрал-жабдықтарына көңіл бөледі.

Балалармен бірге қимылдарды орындап, үйренетін ертегі кейіпкерін көрсетеді.

Ұсынылған жағдаятқа

қатынасын көрсету

Спорттық снарядтарды және атрибуттарды зерттеу (қарайды, ұстайды, ойнайды)

(2-3 минут).

Ертегі кейіпкерінің келуіне және оны ойнауға, жаттығуға шақыруға қатынасын көрсету.

Негізгібөлім

Саптізбекке бір-бірден тұруға көмектеседі.

Саптізбекте бір-бірден жүруді, бағытты сақтай білуді, саптізбектен шығып кетпеуді, саптізбекте өзінің орнын таба білуді көрсетеді.

Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау үшін, шеңберге тұруды ұсынады.

Сапқа тұру үшін бағдарды белгілейді (бормен салынған шеңбер).

Жаттығуларды атайды.

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.

Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:

1. Саптізбекке бір-бірден сапқа тұру.

2.Саптізбекте бір-бірден қалыпты жүру.

Жүруге арналған бағдарларды белгілеу (сызықты бормен сызу). Балаларды жаттығуларды дұрыс және әдемі орындауға итермелейді.

Балаларға бастарын төмен түсірмей, арқаларын тік ұстауын естеріне салады.

Балаларды қолдайды және мадақтайды.

«Маған қарай жүгіріңдер» ойынын ұйымдастырады.

Жүгіру барысында қажетті көмек және қолдау көрсетеді.

Саптізбекке бір-бірден сапқа тұру, қатарда өз орнын таба білу.

Саптізбекте бір-бірден жүру, (бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, саптізбектен шығып кетпеуге тырысады, саптізбекте өзінің орнын табады).

Негізгі әрекеттерді орындау (сапқа тұру және бір-бірден саптізбекте жүру, аяқ және қолдарының қимылдарын үйлестіруге тырысу,

бағытын және тепе-теңдікті сақтау, саптізбекте өзінің орнын табады және сақтайды).

Ойынға қатысу ( белгі бойынша нұсқаушыға қарай жүгіреді, түрлі бағытта қимылдау мүмкіндіктеріне қуанады).

Жаттығуларды орындауын қадағалайды.

Шеңбер бойымен сапқа тұру, ажырау.

Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау

(қажетті бастапқы қалыпты қабылдайды, нұсқаушының көрсетуімен жаттығуларын сәйкестендіру).

Қорытындыбөлім

Спорттық құрал-жабдықтарды және атрибуттарды жинауды ұсынады.

Не жасадық, ал не жасалған жоқ?

Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан ертегі кейіпкерімен қоштасуды ұсынады.

Нұсқаушыға көмек көрсету ниетін таныту

нәтижесі бойынша талқылауға қатысу - сұрақтарға жауап береді: Мен не істей алдым?.

Тексерді:

Ескерту:

Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар:

86 Ұйымдастырылған оқу қызметі жоспарының

Педагогтыңаты-жөні

Ахметова А.С

Күні

30.03.22 ж.

Тобы

№ 1 кіші топ

Білім беру саласы

«Денсаулық»

Бөлім

Дене шынықтыру

Тақырыбы

Тоқтап жүгіру және тапсыр-маларды орындап жүгіру(отыру).Төрттағандап алақаны мен тізесіне сүйеніп, тура бағытта 6 метр арақашықтықта еңбектеу. Қос аяқтап секіру (аяқтары бірге аяқтары алшақ)

Мақсаты

Тапсырмаларды орындап жүгіру дағдылардың қалыптасуы, еңбектеу дағдыларын жетілдіру

Сөздік жұмыс

жүгіру

Көптілді компонент

жаттығу-упражнение, бір-бірден-по-одному;

Ресурстар

саптізбектен шығып

кетпей бір бағытты сақтай отырып, саптізбекте жүре білуді бекіту.

Барысы

ҰОҚкезеңдері

Педагогтыңәрекеті

Тәрбиеленушініңәрекеті

Кіріспе бөлім

Ойнауды, жүгіруді және жүруді үйрену үшін, денсаулық алаңына баруды ұсынады

(мақсат қою).

Денешынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қызығушылық тудыру үшін, спорт залының құрал-жабдықтарына көңіл бөледі.

Балалармен бірге қимылдарды орындап, үйренетін ертегі кейіпкерін көрсетеді.

Ұсынылған жағдаятқа

қатынасын көрсету

Спорттық снарядтарды және атрибуттарды зерттеу (қарайды, ұстайды, ойнайды)

(2-3 минут).

Ертегі кейіпкерінің келуіне және оны ойнауға, жаттығуға шақыруға қатынасын көрсету.

Негізгібөлім

Саптізбекке бір-бірден тұруға көмектеседі.

Саптізбекте бір-бірден жүруді, бағытты сақтай білуді, саптізбектен шығып кетпеуді, саптізбекте өзінің орнын таба білуді көрсетеді.

Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау үшін, шеңберге тұруды ұсынады.

Сапқа тұру үшін бағдарды белгілейді (бормен салынған шеңбер).

Жаттығуларды атайды.

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.

Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:

1. Саптізбекке бір-бірден сапқа тұру.

2.Саптізбекте бір-бірден қалыпты жүру.

Жүруге арналған бағдарларды белгілеу (сызықты бормен сызу). Балаларды жаттығуларды дұрыс және әдемі орындауға итермелейді.

Балаларға бастарын төмен түсірмей, арқаларын тік ұстауын естеріне салады.

Балаларды қолдайды және мадақтайды.

«Маған қарай жүгіріңдер» ойынын ұйымдастырады.

Жүгіру барысында қажетті көмек және қолдау көрсетеді.

Саптізбекке бір-бірден сапқа тұру, қатарда өз орнын таба білу.

Саптізбекте бір-бірден жүру, (бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, саптізбектен шығып кетпеуге тырысады, саптізбекте өзінің орнын табады).

Негізгі әрекеттерді орындау (сапқа тұру және бір-бірден саптізбекте жүру, аяқ және қолдарының қимылдарын үйлестіруге тырысу,

бағытын және тепе-теңдікті сақтау, саптізбекте өзінің орнын табады және сақтайды).

Ойынға қатысу ( белгі бойынша нұсқаушыға қарай жүгіреді, түрлі бағытта қимылдау мүмкіндіктеріне қуанады).

Жаттығуларды орындауын қадағалайды.

Шеңбер бойымен сапқа тұру, ажырау.

Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау

(қажетті бастапқы қалыпты қабылдайды, нұсқаушының көрсетуімен жаттығуларын сәйкестендіру).

Қорытындыбөлім

Спорттық құрал-жабдықтарды және атрибуттарды жинауды ұсынады.

Не жасадық, ал не жасалған жоқ?

Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан ертегі кейіпкерімен қоштасуды ұсынады.

Нұсқаушыға көмек көрсету ниетін таныту

нәтижесі бойынша талқылауға қатысу - сұрақтарға жауап береді: Мен не істей алдым?.

Тексерді:

Ескерту:

Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар:

15 Ұйымдастырылған оқу қызметі жоспарының

Педагогтыңаты-жөні

Ахметова А.С

Күні

29.03.22 ж.

Тобы

№ 1 кіші топ

Білім беру саласы

«Таным»

Бөлім

Құрастыру

Тақырыбы

«Біздің саяжай»

Мақсаты

Қарапайым құрылыстарды тәрбиешінің нұсқаулығы бойынша жасау дағдылардың

қалыптасуы.

Сөздік жұмыс

саяжай

Көптілді компонент

саяжай-

Ресурстар

Әңгімелесу, түсіндіру, үлгіні көрсету, нұсқау, қабылдау, үлгіні қарау және талдау, балалар жұмыстарын көрсету

Барысы

ҰОҚкезеңдері

Педагогтыңәрекеті

Тәрбиеленушініңәрекеті

Кіріспе бөлім

Шаттық  шеңбер:

Табиғат – біздің  анамыз,

Табиғатқа  баламыз!

Иіліп  сәлем  береміз,

Біз  әдепті  баламыз!

Сәлеметсіңдер ме!

Шеңберге  тұрып,

қимылмен  көрсетіп

тұрып,

сөздерін  қайталайды.

Негізгібөлім

Балалар біздің сиқырлы сандықшамыз салмағы ауырлай түсіпті, өйткені бұның іші не нәрсеге толды?

Біз балалар сиқырлы сандықшамызды тобымыздың төріне қойып қояық, өйткені келген қонақтарға біздің сөздеріміз жылылығын мейірімін беріп тұрсын.

Енді балалар сендер менімен бірге саяхатқа барғанды жақсы көресіңдер ме?

Бұрын сендер қандай саяхатқа бардыңдар?

Олай болса бүгін мен сендерді сиқырлы орманға апарамын.

Балалар менің өзімнің сиқырлы таяқшам бар соны өзімен қоса ала кетейін егерде біз жолда қиналып қалсақ осы сиқырлы таяқа бізге көмектеседі.

Балалар біздің шанамыз дайын екен Шанамызды жегу үшін не керек?

Ал балалар сендер көздеріңді жұмыңдар мына таяқшаны үш рет сермесем шанаға ат даяр болады.

Балалар оранға дейін жол ұзақ, жол қысқару үшін ән шырқайық.

Міне орманғада келдік.

Балалар бұл сиқырлы орман.

Балалар қараңдаршы орман қандай?

Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын

Тікен тікен, тік пісте,

Қысы жазы бір түсте.

Енді маған шырша ағашын көрсетіңдерші?

Шыршаның түсі қандай?

Ал жапырақтары қандай?

Мына ағаш қалай аталады?

Оны не себептен аққайың деп атаймыз

Аққайыңнан шырын алынады ол денсаулыққа пайдалы.

Меиірімге біздің жылы сөздерімізге

Жақсы көреміз.

Балалар өздері саяхатқа барғандарын айтады.

Ат керек

Балалар көздерін жұмады.

Балалар шанаға жайғасады.

Балалар өздерінің әндерін айтады

Айнала аппақ ағаштарды қар басқан

Шырша

Балалар көрсетеді

Жасыл

Инеге ұқсас болады

Аққайың

Оның сырты ақ болады

Қорытындыбөлім

Балалар барлығымыз ағаштың басына қарайықшы, ағаштың басында не тұр?

Тиіндер қайда өмір сүреді?

Олар немен қоректенеді?

Балалар қараңдаршы бізде орманда тағы нелер бар?

Қандай –қандай аңдар?

Бұлар орманда немен қоректенеді?

Ал балалар бәріміз бойымызды жазып орманда ойын ойнайқшы

«Гуль құрастыру ойыны» ойнатылады.

Қасқыр түлкі біздің қайтатын уақытымыз келді.Сендермен дос болғанымызға өте қуаныштымыз.

Қане балалар бәріміз аңдар мен қоштасып шанамызға мінейік

Енді балалар мен сиқырлы таяқшаны сермесем көзді ашып жұмғанша тобымызға жетеміз.

Балалар сендерге саяхат ұнады ма?

Балалар ойынды қызығушылықпен

ойнайды.

Сау болыңыздар!

Гуль жасадық, Аңдарды өз көзімізбен көрдік Орманда жүрген бізге қатты ұнады

Балалар қызығушылық танытады.

Тексерді:

Ескерту:

Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар:

15 Ұйымдастырылған оқу қызметі жоспарының

Педагогтыңаты-жөні

Ахметова А.С

Күні

30.03.22 ж.

Тобы

№ 1 кіші топ

Білім беру саласы

«Таным»

Бөлім

Жаратылыстану

Тақырыбы

«Барлық мамандықтар маңызды-барлық мамандықтар қажет»

Мақсаты

Мамандықтар туралы түсініктерін қалыптастыру

Сөздік жұмыс

мамандық, аспаз, мұғалім, құрылысшы

Көптілді компонент

мамандық- профессия, аспаз-повар.

Ресурстар

мамандық иелерінің суреттері,таратпа суреттер, мамандық иелерінің суреттері мен құралдары

Барысы

ҰОҚкезеңдері

Педагогтыңәрекеті

Тәрбиеленушініңәрекеті

Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбері
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Келіңдер, бәріміз бірігіп шаттық шеңберін құрайық.
Қайырлы таң, ұстазым
Қайырлы таң, достарым
Шеңберді тұрайық,
Жылулық сыйлайық.
-Жарайсыңдар, балалар

Шеңберге тұрып, бір-біріне жылы лебіздер айтады.

Шаттық шеңберін үш тілде орындайды

Негізгібөлім

Ғажайып сәт:

-Есік қағылып ішке пошташы кірді

-Саламатсыздар ма, балалар. Сендерге орманнан сауысқан хат беріп жіберді.

-Хаттың ішін ашып оқимыз.

-Балалар сауысқан сендерге жұмбақ жасырыпты

1.Тәп-тәтті тағамы

Астардың маманы.

2.Кірпіштен үй салады,

Ол адам кім болады?

3.Қолында қайшы тарағы,
Тәртіпке шашты салады

-Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі оқу қызметінде мамандық түрлерімен танысамыз. Алдымен тақтадағы суретке назар аударайық

-Балалар, мына суреттерде кімдердің  суреттерін көріп отырсыңдар?

-Олар не істейді ?

-Яғни, халыққа қызмет етеді. Оларды біз мамандық иелері дейміз. Тағы да қандай мамандық иелерін білесіңдер ?

Сендердің ата-аналарың қандай мамандық иелері екенін білесіңдер ме?

-Мына суреттерге қарап, мамандық иелерін атап, қандай қызмет атқаратындарын айтып беріңдерші ?

Мамандық иелері туралы әңгімелеймін:

-Дәрігер-ауырған адамдарды емдейтін маман. Үнемі ақ халат киіп жүретіндіктен оларды «Ақ халатты абзал жандар» деп атаймыз.

-Мұғалім-балаларды оқытады. Сендердің ата-аналарыңды, осы жүрген кісілердің барлығы да мұғалімнен сабақ алып, оқыған. Мұғалім-оқытады, үйретеді, ақыл береді, жол сілтейді.

Аспаз-балабақшаларда, үлкен мейрамханада, асханада тамақ дайындайды. Дәмді, құнарлы тамақ жеген адамның дені сау, күшті болады.

-Ендеше балалар біздер дамытушы орталықтарда жұмыс жасау арқылы оқу қызметімізді жалғастырамыз. Текшелерді таңдап суретке сәйкес орталықтарға бөліну.

Компьютер арқылы мамандық түрлерімен танысады. Сол мамандық иелері туралы тақпақтар жаттайды. Мамандық иелерінің құралдарын сәйкестендіреді.

Мұғалім

Жаққан білім шырағын,
Мен боламын мұғалім.

Сыйлайтын саулық, амандық,

Дәрігер жақсы мамандық

Аспазшы
Жасайтын түрлі тағамдар,
Аспазшы жақсы мамандық.

Құрылысшы:
Адамдарға үй салған,
Құрылысшы болам ұлғайсам.

Мамандық иелерінің суреттерін түрлі түсті бояуларды қолдана отырып, губкамен бояйды.

Бұл орталықта мамандық иелерінің құралдарын бау арқылы тізбектеп өткізеді.

Тапсырмаларды орындап болған соң балалрды ортаға жинап сергіту жаттығуын жасатамын.

Сергіту жаттығуы

Соз қолыңды оң жаққа,
Соз қолыңды сол жаққа.
Қолды айналдыр бұлданбай
Шеңбер жасап тұрғандай

Сұрақ-жауап

-Балалар, сендер қандай орталықта жұмыс жасадыңдар?

-Өнер орталығында қандай жұмыс жасадың?

-Әдебиет орталығында қандай жұмыс жасадың?

-Үстел-үсті орталығында құрылысшының қандай құралдарын баумен тізбектедің?

-Жарайсыңдар, балалар! Ендеше орталықтарымызды ауыстырамыз.

Сергіту жаттығуы

Соз қолыңды оң жаққа,
Соз қолыңды сол жаққа.
Қолды айналдыр бұлданбай
Шеңбер жасап тұрғандай

-Орталықтарын ауыстырады.

Ойын: «Қай мамандық иесі?»
- Тарағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда?

- Қалағы бар қолында, Кімді айттым ойымда?

- Ожауы бар қолында,
Кімді айттым ойымда?

Пошташымен амандасады.

Жұмбақтың жауабын табады.

-Аспаз

-Құрылысшы

-Шаштараз

Аспазшы, мұғалім, құрлысшы, суретші

-Тамақ пісіреді, сабақ береді, үй салады, сурет салады.

-Сұрақтарға жауап береді.

.

Түсіндірмені тыңдайды

.

Орталықтарға бөлінеді

Берілген тапсырмаларды орындайды.

Тапсырмаларды орындайды.

Балалар өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.

Сұрақтарға жауап береді Балалар өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.

-Шаштараз

-Құрылысшы

-Аспаз

Қорытындыбөлім

Балалар, біз бүгінгі оқу қызметінде әр түрлі мамандық иелерімен олардың жасайтын қызметтерімен және олардың қолданатын құрал жабдықтарымен таныс болдық. Енді сендер өздеріңнің ұнатқан мамандықтарыңның қандай қызмет атқаратынын білдіңдер.

Бүгінгі оқу қызметінде барлығың жақсы қатыстыңдар барлығыңа көп - көп рахмет.

Өз ойларын айтады.

Тексерді:

Ескерту:

Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар:

87 Ұйымдастырылған оқу қызметі жоспарының

Педагогтыңаты-жөні

Ахметова А.С

Күні

29.03.22 ж.

Тобы

№ 1 кіші топ

Білім беру саласы

«Денсаулық»

Бөлім

Дене шынықтыру

Тақырыбы

Колоннада бір-бірден жүру, орнынан ұзындыққа секіру, Көлденең нысанаға оң және сол қолмен лақтыру.

Қ. ойын: «Кім қапты алысырақ лақтырады»

Мақсаты

Бір колоннада жүру және жүгіру, секіру негізгі қозғалыстардың түрлерін қалыптастыру.

Сөздік жұмыс

жүру және жүгіру, секіру.

Көптілді компонент

доп –мяч.

Ресурстар

4 доптар (25 дм), 8-10 кегли, көлік рульдері (кіші құрсаулар).

Барысы

ҰОҚкезеңдері

Педагогтыңәрекеті

Тәрбиеленушініңәрекеті

Кіріспе бөлім

Жүріс пен жүгірісті кезектестіріп орындау. Шашырап жүгіру, үш шеңбер құрып тұру.

Жүріс пен жүгірісті кезектестіріп орындайды.. Шашырап жүгіру, үш шеңбер құрып тұрады.

Негізгібөлім

Жалпы дамыту жаттығулары:

1. Б.қ. аяқ қатар, қол төменде; Қолды жоғары көтеріп, шапалақтап, жанынан қолды төменге түсіру; (5-6 рет).
2. Б.қ. аяқ иық деңгейінде, қол белде. Денемізді оңға бұру, оң қолды жанына созу; Сол қолға қайталау; (әр жаққа 3 реттен).
3. Б.қ. аяқ қатар, қол төменде. Отыру, қолды алға созу, тұру, б.қ. оралу; (5-6 рет).

4. Б.қ. аяқ иық деңгейінде, қол белде. Алға иілу, қолды аяқ ұшына тигізу, тіктелу, б.қ. оралу; (6 рет).
5. Б.қ. аяқ иық деңгейінде, қол белде. Екі аяқпен бір орында секіру, бір орында жүру.

2. Негізгі қимылдар:
Допты оң сол қолмен алысқа лақтыру

«Допты жіберме» Балалар үш топқа бөлініп, үш шағын шеңбер құрады. Араларынан бір бала шеңбердің ортасына орналасады, қолында доп. Қалғандары аяқтарын алшақ қойып денелерін тік ұстап тұрады. Жүргізуші балаларға кезектестіріп допты домалатып жібереді, доп қолына тиген бала, қайта домалатып жібереді.

Екі аяқпен кедергілерден арасымен секіру. (ұзындығы 3 м) - «Тиіп кетпе» 3 м қашықтық бойына орналасқан кеглилердің арасымен екі аяқпен тиіп кетпей секіріп өту. Ойын екі қатармен орындалады.

Ойын:«Көліктер» Қатысушылардың қолдарында әр түрлі түсті рульдер бар. Тәрбиешінің берілген белгісі бойынша рульдерді ұстап (кіші құрсаулар), балалар өзін жүргізуші ретінде санап, белгі бойынша
алға жылжи қимылдайды. Бір-біріне соқтығыспай залдың ішінде алға, артқа қапталға жүреді. Ойын бірнеше рет жалғасады. (3-4 рет)

Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.

Негізгі қимылдарды орындайды

Ойынды ойнайды.

Қорытындыбөлім

Бір қатармен жүру. Аз қимылды ойын
«Жалаушаны тап».

 Тәрбиеші қолындағы жалаушаны көрсетіп, балаларға көздерін жұмуын сұрайды. Жалаушаны тығып тастаған соң, «Болды» дегенде балалар жалаушаны іздеп шығады, тауып алған бала жалаушаны тығады.

Бір қатармен жүреді. Аз қимылды ойын «Жалаушаны тап».

Балаларға көздерін жұмады. Жалаушаны тығып тастаған соң, «Болды» дегенде балалар жалаушаны іздеп шығады, тауып алған бала жалаушаны тығады.

Тексерді:

Ескерту:

Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар:

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/493042-shyarmashyly

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки